Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 24850
    Дата: 12.07.2016 20:42:54
    Аты-жөні: Баймурзин Думан
    Сұрақ:
    Құрметті прокурор!Сот шешімінің жартылай орындалуына байланысты, жазылған шағымның күші жойылды деп есептелсін.
    Жауап күні:
    19 шілде, 2016 - 20:40
    Жауап:
    Думан Амиргалиевич Баймурзинге Сіздің борышкер А.А. Саркулованың қарыз ақшаны өндіру туралы бойынша сот шешімін орындалмай отырғандығы, жеке сот орындаушысы Г.Кушербаеваның іс-әрекетіне қатысты 8 шілде 2016 жылы жазған арызыңыз 13 шілде 2016 жылғы арызыңыз негізінде қараусыз қалдырылды. Берілген жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған прокурорға шағымдану құқығыңызды түсіндіремін. Ақтөбе қаласының прокуроры аға әділет кеңесшісі Ғ.И. Әміров орын:Ж.Каракулов тел. 220322
  • Сұрақ №: 24778
    Дата: 08.07.2016 13:37:20
    Аты-жөні: Баймурзин Думан
    Сұрақ:
    Құрметты прокурор! Мен Атырау қаласының азаматымын. Қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық ісі бойынша талапкер болып табыламын. 13 тамыз 2015 жылы Ақтөбе қалалық сотының шешімі шығып, 21 қыркүйек 2015 жылы жеке сот орындаушы Г.Кушербаеваның өндірісіне берілді. Алайда күні бүгінге дейін сот шешімінің орындалысы жөнінде еш мағлұмат ала алмай отырмын. Сот орындаушы менімен байланысын үзіп, телефон қоңырауларыма жауап беруді қойды. Осыған дейінгі байланысымызда сот орындаушы жауапкерден жауап алу үшін шақыртуларына келмей жүргенін алға тартты. Қарыздың аты - қарыз дегендей. Сот шешімі шығып түрған жерде орындалуы міндетті деп есептеймін. Құрметті прокурор, Сіздің араласуыңызды өтінемін.
    Жауап күні:
    19 шілде, 2016 - 20:33
    Жауап:
    Думан Амиргалиевич Баймурзинге Сіздің борышкер А.А. Саркулованың қарыз ақшаны өндіру туралы бойынша сот шешімін орындалмай отырғандығы, жеке сот орындаушысы Г.Кушербаеваның іс-әрекетіне қатысты 8 шілде 2016 жылы жазған арызыңыз 13 шілде 2016 жылғы арызыңыз негізінде қараусыз қалдырылды. Берілген жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған прокурорға шағымдану құқығыңызды түсіндіремін. Ақтөбе қаласының прокуроры аға әділет кеңесшісі Ғ.И. Әміров орын:Ж.Каракулов тел. 220322
  • Сұрақ №: 24768
    Дата: 08.07.2016 02:07:22
    Аты-жөні: Жубанышева Бексулу
    Сұрақ:
    Осымен Сізге арыздануымның себебі, кеше яғни 06.07.2016 жылы қызым А.Қуатова мектептің үздік оқушысы ретінде мектеп тарапынан лагерге ұсынылып, Ақтобе облысы, Ойлы ауданы, "Көкжар" лагеріне (шамамен Ақтөбе қаласынан 260 шақырым) жолданған. Бүгін күн ұзағына Қызым телефон алмағаннан кейін уайымдап, Ақтөбе облысында орналасқан тумаластарыма соғып іздеп , байланыса алмадым, жана шамамен 23:30-да танымайтын нөмірден менің қызым соғып,менің соткамды апайлар алып кетті бізге телефон ұстатпайт, үйге қайтқым келеді деп жауап беріп отыр, неге деп сұрағанда, лагерлдің талаптары жоқ лас және ескі (әжетхана далада, жуынатын жер жоқ, талаптары нашар) ұнамай қалды. Осыдан қояр сұрағым: Нысан санитарлық нормаларға сәйкес келеме?, тексеріп бақылау жасасаңыз?; 1 бөлмеде неше балаға дейін жату көзделген?; Әжетхана және жууыну бөлмелері гигеналық жағдайлары қалай талапқа сай ма?; Менің қызымның 10-күндік жолдамасында не себепті ұялы байланысын алып қояды, лагер сондай қауіпсіз ба?; ҚР Конституциясының 27-бабының талаптарына сәйкес, Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті,-делінген. Қазіргі таңда балалар лагерде болуына байланысты, бала мемлекеттің қорғауында болады. Алдын ала рахметімді білдіремін!!!
    Жауап күні:
    22 шілде, 2016 - 19:37
    Жауап:
    Құрметті блогты пайдаланушы! Сұрағыңызды блогқа орналастыру кезінде Сізбен Пайдаланушының келісім шарттары сақталынбаған. Назар аударыңыз: қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ тексеру жүргізу, прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану, заң нормаларын түсіндіру туралы өтініштер Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына былайша жолданады: - арнайы әкеліп тапсыру; - пошта арқылы жолдау; - www.115.kz электронды порталына жіберу. www.115.kz электронды порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет. Ақтөбе облысы Ойыл ауданының прокуратурасы
  • Сұрақ №: 24767
    Дата: 08.07.2016 02:04:43

  • Сұрақ №: 23206
    Дата: 20.04.2016 10:36:10
    Аты-жөні: Оразова Балзада
    Сұрақ:
    Мен Оразова Балзада Шәкиқызы Шалқар ауданы Жылтыр селолық округінің тұрғынымын.Мен Жылтыр селосындағы балабақшада 2013-ші жылдан бері аспазшы қызметін атқарамын.Менің айлығымды әлі күнге дейін толық төлемей отыр.Сол себепті сіздерге осы хатымды жолдап отырмын.Сіздерден өтініш шешіп беріңіздерші.Біздің балабақшада бала саны толық.Мен қазір жарты айлығымды алып жүрмін.Ешкімге де назар аудармай тікелей сіздерге хатымды жолдап отырмын. адресс Шалқар ауданы Жылтыр селолық округі көше Ардагерлер 6 дом телефон 871335 77-1-67,сот тел 87058013253
    Жауап күні:
    2016-05-04
    Жауап:
    Шалқар ауданы Жылтыр селолық округі Ардагерлер көшесі 6 үй Б.Ш.Оразоваға Құрметті Балзада Шәкиқызы! Ақтөбе облысы прокуратурасында Сіздің еңбек қатынастарына байланысты бұзылып отырған құқықтарыңызды қорғау туралы арызыңыз қаралды. Анықталған мән-жайларға қарағанда, Сіз 2012 жылдың наурыз айынан бастап Шалқар ауданы Шалқар ауылдық округінде орналасқан «Балбөбек» мектепке дейінгі балалар мекемесі» МКҚК-де 28.03.2012 жылғы №8 санды бұйрық негізінде уақытша 0,5 ставкамен көмекші аспаз қызметіне қабылданып, 01.03.2013 жылғы №4 санды жұмыс берушінің бұйрығымен көмекші аспазы қызметінен, аспаз Ж.Сүйеубайдың орнына 0,75 ставкасы жүктемесімен аспазшылыққа ауыстырылғансыз және сол күні балабақшаның меңгерушісі мен Сіздің араңызда еңбек келісім шарты жасалған. Көрсетілген келісім шарт негізінде бүгінгі күнге дейін 0,75 ставкасы жүктемесімен жұмыс жасап, еңбекақы төленіп келген. Ал арыздарыңызды қараған құзырлы органдармен жұмыс беруші тарапынан Сіздің еңбек қатынастарына байланысты құқықтарыңыздың бұзылып отырғаны туралы фактілер анықталмаған. Шалқар ауданы прокуратурасымен Сіздің арыздарыңыз бойынша заң талаптарын түсіндіріле отырып (жеке қабылдаудан), жазбаша жауаптар берілген. Олай болса, бүгінгі таңда арыздарыңыз бойынша прокурорлық ықпал ету шараларын қолдануға негіздер жоқ. Сонымен қатар, еңбек қатынастарына байланысты туындаған дауларды Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 159 бабы талабына сәйкес сотқа талап арыз беру арқылы шешілуге жатады, сондықтан еңбек қатынастарына байланысты құқыңыз бұзылды деп санасаңыз, сотқа талап арыз беру арқыры шешуге құқылы екеніңізді түсіндіремін. Осы жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылысыздар. Ақтөбе облыстық прокуратурасы

Беттер