Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 26796
    Дата: 10.10.2016 14:50:26
    Аты-жөні: Баймурзин Думан
    Сұрақ:
    Құрметті прокурор! 15.08.2016 ж.берілген арыз-шағымға жауап берілген. Алайда жауап дұрыс көрінбейді. Д.Баймурзинге жауап деп жазылған, басқа ештене жоқ.
    Жауап күні:
    14 қазан, 2016 - 18:24
    Жауап:
    Құрметті Думан Амиргалиевич! Сіздің борышкер А.А.Саркуловадан ақша өндіру жөніндегі сот актісінің тиісті орындалмауы туралы арызыңыз Ақтөбе прокуратурасымен қаралып, 02.09.2016 жылы №2-030128-16-23937 шығысымен Сізге жауап берілген. Алайда, Сіздің 11.10.2016 жылғы арызыңызда берілген жауаптың дұрыс көрінбейтіні туралы айтылған. Сондықтан, 15.08.2016 жылғы арыздың жауабы қайта жолданады. Жалғанды: жауап көшірмесі 2 бетте. Ақтөбе қаласының прокуроры аға әділет кеңесшісі Ғ.И. Әміров орынд.: А.Байбулатов тел.:8/7132/22 03 22 Құрметті Думан Амиргалиевич! Сіздің борышкер А.А.Саркуловадан ақша өндіру жөніндегі сот актісінің тиісті орындалмауы жөніндегі арызыңыз атқару өндірісін тексеру арқылы қаралды. Тексеру барысында анықталғаны, Ақтөбе қалалық сотының 13 тамыз 2015 жылғы №2-10135/15 санды шешімімен борышкер А.А.Саркуловадан Сіздің пайдаңызға 305 000 теңге, 32 000 теңге сот шығындарына, 5 000 теңге заң көмегіне және 3 700 теңге баж ақысы өндірілген. Жеке сот орындаушысы Г.Кушербаеваның 11 қараша 2015 жылғы қаулысымен борышкер А.А.Саркуловадан Сіздің пайдаңызға 345 700 теңге ақша өндіру туралы атқару өндірісі қозғалған. Анықталғандай, атқарушылық іс құжаттарына сәйкес, борышкер А.А.Саркулова Сіздің есеп шотыңызға 19.11.2015 жылы 70 000 теңге және 13.07.2016 жылы 10 000 теңге жалпы соммасы- 80 000 теңге ақша аударған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнайы органдарының ақпарат алмасу жүйесінің мәліметтеріне сәйкес борышкер А.А.Саркулованың меншік құқығында жылжитын және жылжымайтын мүлік тіркелмегені, қазіргі таңда жұмыс істемейтіні анықталды. Бұдан басқа, жеке сот орындаушысы Г.Кушербаевамен 25.03.2016 жылғы қаулысына сәйкес, боыршкер А.А.Саркуловаға Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қойылған. Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңының (әрі қарай Заң) 125 бабына сәйкес борышкер атқарушылық құжатты орындамағаны үшiн әкiмшiлiк не қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкiн. Сонымен қатар, Заңның 3 бабына сәйкес атқарушылық iс жүргiзу атқарушылық іс-әрекеттерді жүргізу мен мәжбүрлеп орындату шараларын қолданудың уақтылы және айқын болуы принциптері бойынша жүзеге асырылады. Осыған қоса, Заңның 148 бабы 8 тармақшасына сәйкес, жеке сот орындаушысы негіздер болған кезде аумақтық органға (бөлімге) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін материалдарды жібереді. Нақты айтқанда, борышкер А.А.Саркулованың іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 669 бабында көрсетілген, сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамаумен сипатталған құқық бұзушылық белгілері көрініс табады. Алайда, жеке сот орындаушымен борышкер А.А.Саркуловны әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі шешілмеген. Жоғарыда көрсетілген негізінде, жеке сот орындаушысы Г.Кушербаеваға борышкер А.А.Саркулованы әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша нұсқау берілді. Нұсқаудың орындалу және атқару өндірісінің әрі қарай орындалу нәтижелері туралы мәліметтерді Заңның 16 бабына сай, жеке сот орындаушысы Г.Кушербаевадан білуге құқылы екендігінізді түсіндіремін. Берілген жауаппен келіспеген жағдайда, жоғары тұрған прокурорға шағымдану құқығыңыз бар. Ақтөбе қаласының прокуроры аға әділет кеңесшісі Ғ.И. Әміров орынд.: А.Байбулатов тел.:8/7132/22 03 22
  • Сұрақ №: 26685
    Дата: 06.10.2016 00:28:33
    Аты-жөні: Оразалин Саламат
    Сұрақ:
    Саламатсыз ба! Мен прокуратура органына жумыска орналасу ушин кай жерге жолыгып,не істеуім керек соны білейін деп едім. Мемлекеттік қызметке сертификатым бар. Алдын-ала рахмет!
    Жауап күні:
    13 қазан, 2016 - 12:29
    Жауап:
    Уважаемый пользователь Оразалин Саламат Болатович! При размещении вопроса на блог Вами не соблюдены условия Пользовательского соглашения. Обращаем Ваше внимание, что обращения, касающиеся уголовных, гражданских или административных дел, а также о проведении проверок, принятии мер прокурорского реагирования, разъяснении норм законодательства подаются в органы прокуратуры Республики Казахстан: - нарочно; - через почтовую связь; - на электронный портал www.115.kz Для отправки обращения на электронный портал www.115.kz необходимо иметь электронную цифровую подпись (ЭЦП), которую можно получить в Центре обслуживания населения (ЦОН). Құрметті блогты Оразалин Саламат Болатович! Сұрағыңызды блогқа орналастыру кезінде Сізбен Пайдаланушының келісім шарттары сақталынбаған. Назар аударыңыз: қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ тексеру жүргізу, прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану, заң нормаларын түсіндіру туралы өтініштер Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына былайша жолданады: - арнайы әкеліп тапсыру; - пошта арқылы жолдау; - www.115.kz электронды порталына жіберу. www.115.kz электронды порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет.
  • Сұрақ №: 26197
    Дата: 16.09.2016 19:26:23
    Аты-жөні: Кеулімжай Данияр
    Сұрақ:
    Кеш жарық, осыдан 3 ай бұрын ойын сауық клубынан 3 сони маркалы бағасы 585 000 теңге болатын приставкалар ұрланған болатын, Ақтөбе қаласы сазды ІІБ келіп, ұрлық ісі бойынша хаттамалар толтырылып алынды. Бірақ та қазіргі таңға дейін ешқандай шара қолданылған жоқ, барған уақытта іздестіріп жатырық деп шығарып салады. Сонымен қатар маған тиесілі 4 спортық бағасы 275 000 теңге велосипедтері ұрланып, ұрланған адамдар жөнінде суреттері мен велосипедтердің құжаттары тапсырылды. Сіздерден осы уақытқа дейін, істің ұзақ қаралуына байланысты, тез және адал шешімнің алалмауына көмек беруіңізді сұраймын.
    Жауап күні:
    6 қазан, 2016 - 17:27
    Жауап:
    Құрметті № ____ санды блог қолданушысы Кеулімжай Данияр! Блокқа сұрақ жолдау барысында Сізбен қолдану келісімі шарттары сақталмаған. Сіздің назарыңызды аударамыз, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерге қатысты, сонымен қатар прокурорлық ықпал ету шараларын алу, тексерістер жүргізу туралы арыз немесе шағым Қазақстан Республикасы прокуратураларына келесідей тәртіпте беріледі: -қолмақол -почта байланысы арқылы -www.115.kz электронды порталға www.115.kz электрондық порталға арыз жолдау үшін, халыққа қызмет көрсету (ХҚКО) арқылы алынатын электронды санды қолтаңба (ЭСҚ) болу қажет. Ақтөбе қаласының прокуратурасы
  • Сұрақ №: 25681
    Дата: 26.08.2016 10:22:33
    Аты-жөні: Аймаганбетова Майра
    Сұрақ:
    саламатсыз ба, азамат шартты түрде сотталған кезде, ол қанша уақыттан кейін базадан алынып тасталады? себебі інім соттылығы туралы анықтама алған кезде, шартты түрде сотталғаны көрсетіліп, жұмысқа тұруға кедергі болып тұр.
    Жауап күні:
    29 тамыз, 2016 - 18:24
    Жауап:
    Сіздің Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының электрондық адресіне жолдаған өтінішініз Ақтөбе облыстық прокуратурасымен қаралып, төмендегідей түсіндіремін. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 79-бабының 3 бөлігіннің 1 тармағында - шартты түрде сотталған адамдарға қатысты - пробациялық бақылау мерзiмi өткен соң - соттылығы жойылады», осы баптың 4 бөлігінде - егер сотталған адам Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен жазасын өтеуден мерзiмiнен бұрын босатылса немесе жазаның өтелмеген бөлiгi жазаның неғұрлым жеңiл түрімен ауыстырылса, онда сотталғандықты жою мерзiмi жазаның іс жүзінде өтелген мерзiмi негiзге алына отырып, негiзгi және қосымша жаза түрлерiн өтеуден босатылған кезден бастап есептеледi - деп көрсетілген. Осы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комититетінің есебінен сотталған азаматтардың сот үкімімен тағайындалған жаза мерзімі толық өтелген соң ғана шығарылатыны туралы түсіндіремін. Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары Д.Н. Сыздықов орындаушы Әлменов М.М. тел. 8-7132-90-14-11
  • Сұрақ №: 25493
    Дата: 15.08.2016 14:50:28
    Аты-жөні: Баймурзин Думан
    Сұрақ:
    Құрметты прокурор! Мен Атырау облысы, Атырау қаласының азаматымын. Қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық ісі бойынша талапкер болып табыламын. 13 тамыз 2015 жылы Ақтөбе қалалық сотының шешімі шығып, 21 қыркүйек 2015 жылы жеке сот орындаушы Г.Кушербаеваның өндірісіне берілді. Алайда күні бүгінге дейін сот шешімінің орындалысы жөнінде еш мағлұмат ала алмай отырмын. Сот орындаушы менімен байланысын үзіп, телефон қоңырауларыма жауап беруді қойды. Осыған дейінгі байланысымызда сот орындаушы жауапкерден жауап алу үшін шақыртуларына келмей жүргенін алға тартты. 12 тамыз 2016 ж. Жеке сот орындаушы Г.Кушербаеваға хабарласқанымда қоңырауыма бөтен адам жауап берді. Сот орындаушы Көшербаева жауап бере алмайды, енді орындау өндірісімен мен айналысамын дегенді айтты. Осыған дейін дұрыс орындалмай келген атқару парағы бұл жаңадан келген адам онымен танысу үшін тағы бірталай уақыт өтетін болды. Бұл қаражатты мен банктен кредитке алған едім. Мен түсінбедім ол кім, неғылған адам, басқа сот орындаушыға орындау өндірісін берсе маған неге ескерпейді. Аты - жөнінде дұрыс айтқысы келмейді. Менімен дұрыс сойлескісі де келмеді.Сот шешімі шығып түрған жерде орындалуы міндетті деп есептеймін. Құрметті прокурор, Сіздің араласуыңызды, көмектесуіңізді өтінемін.
    Жауап күні:
    2 қыркүйек, 2016 - 17:39
    Жауап:
    Д.А.Баймурзиннің арызы жауап

Беттер