Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 32051
    Дата: 28.03.2017 15:58:28
    Аты-жөні: Айсаутова Молдир
    Сұрақ:
    Салеметсіз бе. Мен екі баланың анасымын, Қызылорда қаласында тұрамын. Күйеуім екі баламен тастап кеткен. Қазір ол Ақтөбе қаласында жұмыс жасайды. Бірақ маған алимент төлеуден қашып жүр. Соттың шешімі қолымда, қанша рет Ақтөбе облыстық сот орындаушыларына телефон арқылы хабарластым ештене жасай алмады. Мен қазіргі уақытта екі баламмен жалдамалы пәтерде тұрамын. Сізге өтініш заңға сәйкес балаларыма тиесілі алиментті өндіріп беруіңізді сұраймын.
    Жауап күні:
    29 наурыз, 2017 - 19:54
    Жауап:
    Құрметті Айсаутова Молдир Бахтияровна! Сұрағыңызды блогқа орналастыру кезінде Сізбен Пайдаланушының келісім шарттары сақталынбаған. Назар аударыңыз: қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ тексеру жүргізу, прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану, заң нормаларын түсіндіру туралы өтініштер Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына былайша жолданады: - арнайы әкеліп тапсыру; - пошта арқылы жолдау; - www.115.kz электронды порталына жіберу. www.115.kz электронды порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет. Ақтөбе облысының прокуратурасы
  • Сұрақ №: 31701
    Дата: 10.03.2017 11:14:42
    Аты-жөні: Наурызбаева Қарлығаш
    Сұрақ:
    Мен 2005 жылы Ырғыз орталық ауруханасына дәрігерлік қызметке қабылдандым.Соған байланысты Ырғыз селосы Әкімжанов көшесінен №9 үй берілді. 12 жыл бойы өзім тұрып жатқасын барлық жөндеу жұмыстарын өз қаражатыммен жүргізіп келемін. Үй өте суық болғасын үйдің сыртын ақ кірпішпен қаптаттым. Оған қаражатты Евразия банкіден кредит алып, ай сайын айлығымнан 45000 теңге ұстап отыр. 2017 жылы қаңтар айында өз қаражатыммен үйге газ өткізуге үйдің техникалық паспортының көшірмесін Ырғыз аудандық құрлыс, сәулет,тұрғын үй-коммунальдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен алып тапсырғанмын. Мен тұрған үй бір жер үй, ал техпаспортта этаж деп көрсетілген, сондықтан газ өткізуге рұқсат бермеген.Жер актісі мүлдем жоқ. Осыған байланысты мына сұрақтарды заң жүзінде реттестіруге көмектесуіңізді сұраймын: 1. Әкімжанов көшесіндегі менің үйімнің дұрыс үй нөмерін(ЦОН да №9,36. техпаспортта №3)белгілеуге; 2.Үйдің жер актісін , техпаспортын нақты сызып газ өткізуге және жекешелендіруге құжаттарды дайындауға; 3.Жекешелендіруге комиссияға құжат тапсыру кезінде кредиттік шығынымды есептетуге;
    Жауап күні:
    10 наурыз, 2017 - 19:26
    Жауап:
    Құрметті блогты пайдаланушы! Сұрағыңызды блогқа орналастыру кезінде Сізбен Пайдаланушының келісім шарттары сақталынбаған. Назар аударыңыз: қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ тексеру жүргізу, прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану, заң нормаларын түсіндіру туралы өтініштер Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына былайша жолданады: - арнайы әкеліп тапсыру; - пошта арқылы жолдау; - www.115.kz электронды порталына жіберу. www.115.kz электронды порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының прокуратурасы
  • Сұрақ №: 30452
    Дата: 23.01.2017 21:03:51
    Аты-жөні: Сабытай Айгерім
    Сұрақ:
    Саламатсызба? Мен 2016жылы дипломмен ауылға бағдарламасымен Никельтау ауылына мектепке жұмысқа тұрған болатынмын. Осы ауылда жас мамандарға арналған жатахана бар. Мен тұрмыс құрғанмын.1балам бар. Күйеуім мектепте жұмысшы болып жасайды. Ендігі менің мәселем осы уақытқа дейін ауылдың әкіміне барып жатаханадан 1 бөлме беруін сұрадым. Бірақ ол бермеді. Сен тұрмыс құрғансың мен тек бойдақтарға беремін деп. 5ай болды қаңғырып квартирадан квартираға көшіп жүргеніме. Бұл ауылдан пәтер табуда қиын. Оның үстіне жалдау ақысыда қымбат. Енді әкім бізге жатаханаға тұруға рұқсат берді. Бірақ күйеуімді бөлек бөлмеге мені баламмен бөлек жатқызып қойды. Біз 2келіншек болып 2баламен қуықтай 1бөлмеде жатырмыз. Онын үстіне өте салқын. Ал күйеулерімізді бір бөлмеге жатқызып қойды. Соның өзінде 2бөлмелі жатахана бос тұр. Соны берми отыр. Әкімнің осы қылығы дұрыспа? Мен шағым түсіргім келеді. Мен шаршадым. Өтінем көмектесіңіздерші.
    Жауап күні:
    31 қаңтар, 2017 - 19:00
    Жауап:
    Хромтау ауданының Әкімі А.Б.Бердалинге А.Ж.Сабытайға Мектеп көшесі 4 үй, Никельтау ауылы, Хромтау ауданы 031100 Сізге Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогынан келіп түскен аз.А.Ж. Сабытайдың тұрғылықты үй-жайы жөніндегі арызы қарап, шешім қабылдау үшін жолданады. Арызды қарау нәтижесін арызданушыға заңмен белгіленген мерзім ішінде хабарлауыңыз сұралады. Екінші мекен-жайға мәлімет ретінде хабарланады. Қосымша 1 бетте. Хромтау ауданының прокуроры М.К. Даулетов Орын.Ж.А.Еспанов Тел.87133621243
  • Сұрақ №: 30329
    Дата: 19.01.2017 14:42:54
    Аты-жөні: Сағидолла Дастан
    Сұрақ:
    Саламатсызба, Мен 2017 жылдың қаңтар айының 3 күні 102 нөміріне қоғырау шалып, сазды бөліміне Кальменов Сократ Нурланұлының үстінен шағымданған болатынмын. Айтылған азамат 2016 жылдың 24 желтоқсанында өзіме тиесілі ,бағасы 234 000 тенгені құрайтын Sony Playstation 4 ойын құралын жалға алып, қазіргі таңға дейін қайтарған жоқ. Сазды бөлімінде талон - хабарламасы № 171512035000020 алдап бөтеннің мұлкін иемдену (мошенничество) бойынша, тергеуші Байтурсынов Еркин қабылдады, бірақ та бүгінгі күнге дейін ешқандай шара қолданып жатқан жоқ. Сізден өтінерім негізгі шағымымның жауабының шешілуіне көмек беруіңізді сұраймын. Өзімнің ұялы телефоным 87477415757. Өтінішімді қабылдағаныңызға рахмет.
    Жауап күні:
    3 ақпан, 2017 - 15:31
    Жауап:
    Д.Ғ.Сағидоллаға Құрметті Дастан Ғибадоллаұлы! Сұрағыңызды блогқа орналастыру кезінде Сізбен Пайдаланушының келісім шарттары сақталынбаған. Назар аударыңыз: қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ тексеру жүргізу, прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану, заң нормаларын түсіндіру туралы өтініштер Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына былайша жолданады: - арнайы әкеліп тапсыру; - пошта арқылы жолдау; - www.115.kz электронды порталына жіберу. www.115.kz электронды порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет. Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары Сыздықов Д.Н. орн: Шоқпаров А. 7132205
  • Сұрақ №: 27711
    Дата: 12.11.2016 23:26:34
    Аты-жөні: Айтбеков Жасулан
    Сұрақ:
    саламатсызба? Мен Ақтөбе қаласы Шалқар ауданы Біршоғыр стансасының тұрғынымын. Мен 2015 жылдан бастап Біршоғыр ауылына қарасты қиыршық-тас "Құлан-Транс" зауытында жұмыс жасап келдім. Погрузчик жүргізішісі қызметінде.Бұл зауытында еңбек ақымызды уақытылы ешқашан берген емес. Ауылда дұрыс жұмыстың реті болмағандықтан отбасымды асырау үшін шыдап келеміз. Менің біржылдық еңбек демалысымды(отпускамды)берген жоқ. Айлығымызды сұрасақ жұмыстан босатыласыңдар деген сөздермен қорқытады.Көп жұмысшы айлық бермегесін жұмыстан шықты, ал мен шыдап қай кезде жұмысқа шақырсада бардым. Түн-күн дегенім жоқ. Амал жоқ 4 ай бойы айлық бермегесін жұмыстан шығуыма тура келді. Ал мен Ақтөбе қаласына он бардым десемде болады айлығымды алу үшін. Ал ол қарапайым адам үшін жол пұлымды кім өтейді. Барсам бастығы Есберген Бақтыбек Бақтывекович мысқылдап ертен кел бір жетіден кейін кел деп мазақ етеді. Ол айтқан уақытта барсам ақшамды аламын деп үміттеніп барсам, жұмыс орнында болмайды звондасам ұялы телефонын көтермейді. мен ол кісіден артық ештеме сұрағаным жоқ жай ғана адал еңбегімді сұраймын. Мен осы уақытқа дейінгі материалдық шығынымды моральдық шығынымды толық өтеттіріп беруіңізді сұраймын. Мен жұмыстан босатылған соң расчетныйымды, кезекті еңбек демалысымды, әр айғы зарплатымды толық өтесін. Сізден көмек болады деген сенімдемін.мен бұнымен тоқтағаным жоқ әлі де еңбегімді толық өтемесе керекті жерге баруға бар күшімді саламын. Сізден әділ шешім күтемін мырза.
    Жауап күні:
    18 қараша, 2016 - 20:02
    Жауап:
    Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы М.Т.Райымқұловқа Ж.Л.Айтбековке (Бас Прокурордың блогі) Сізге, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 7-бабының 6-тармағына сәйкес, Ж.Л.Айтбековтің арызын мәні бойынша қарау және шешім қабылдау үшін жолданады. Жоғарыдағылардың негізінде, арызды жан-жақты толық көлемде қарап, нәтижесі бойынша арызданушыға заңда көрсетілген мерзім ішінде хабарлауыңызды сұраймын. Екінші мекен-жайға мәлімет үшін жолданады. Жалғанды: арыз «___» бетте. Шалқар ауданының прокуроры аға әділет кеңесшісі А.Ә. Әбілов Орын.: Н.Б.Мулькаев, Тел.: 21-3-55

Беттер