Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 2457
    Дата: 31.05.2013 15:01:03
    Аты-жөні: Башанова Кулаш
    Сұрақ:
    Мен Башанова К.У,әкем Сербаев Убайтжанның 04.05.1912ж бері қалалық прокурорға жазылған шағымы бойынша шағымданып отырмын. Ол арызда көршіміз Шефман.А Ақтөбе көшесі №29, №31 екі қабатты үй салып,бірінен шіркеу енді бірінен ТҚС ашты. Осы уақытқа дейін 10 жылдан аса заңсыз жұмыс жасап келеді. Бір жылдан бері сот болып, 3 рет шешім шықты. Бірақ сот шешімдері орындалмай, жеңіл айып пұл салумен тоқтатылып отырды. Осы арыз тексеріліп, Сізден жақын арада жауап беруізді сұраймын.
    Жауап күні:
    2013-07-03
    Жауап:
    К.У.Башановаға Блог №7961 Сіздің Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Блогына түсірген Ақтөбе қаласы, Ақтөбе көшесі, №35 үйден ашылған техникалық қызмет көрсету станциясын тоқтату туралы сот шешімінің орындалмай отырғандығы туралы өтінішіңіз Ақтөбе қалалық прокуратурасымен қаралды. Анықталғаны, Ақтөбе облыстық соты азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 3 мамыр 2013 жылғы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 5 ақпан 2013жылғы шешімімен талапкер «Ақтөбе қаласының мемелкеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Басқармасы» ММ-нің жеке кәсіпкер Е.Г.Павлюкке Ақтөбе қаласы, Ақтөбе көшесі, №35 үйде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясының жұмысын кемшіліктер жойылғанға дейін тоқтата тұру туралы талабы толығымен қанағаттандырылды. 13 мамыр 2013 жылы Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен осы сот шешімі негізінде атқару құжаты шығарылып, орындау үшін 16 мамыр 2013 жылы «Ақтөбе облысы сот актілерін орындау Департаменті» ММ-не жолданды. 21 мамыр 2013 жылы «Ақтөбе облысы сот актілерін орындау Департаменті» ММ-нің мемлекеттік сот орындаушысы Н.Е.Медетованың қаулысымен борышкер жеке кәсіпкер Е.Г.Павлюктің Ақтөбе қаласы, Ақтөбе көшесі, №35 үйде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясының жұмысын кемшіліктер жойылғанға дейін тоқтата тұру туралы атқару өндірісі қозғалған. Мемлекеттік сот орындаушысы А.Исаевамен борышкер жеке кәсіпкер Е.Г.Павлюкке техникалық қызмет көрсету станциясын тоқтата туралы жоғарыда аталған сот шешімін өз еркімен орындау туралы талап берілген. 18 маусым 2013 жылы мемлекеттік сот орындаушысы А.Исаевамен куәгерлердің қатысуы негізінде борышкер жеке кәсіпкер Е.Г.Павлюктің Ақтөбе қаласы, Ақтөбе көшесі, №35 үйде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясының жұмысын кемшіліктер жойылғанға дейін тоқтата тұру сот шешімі кірер есігін мөрлеу негізінде орындалғандығы туралы акт жасақталған. Сонымен қатар, борышкер жеке кәсіпкер Е.Г.Павлюк қылмыстық және әкімшілік жауапкершлігі ескертіле отырып кемшіліктер жойылғанға дейін техникалық қызмет көрсету станциясы жұмысын жүргізу қызметін тоқтаттандығы жөнінде 18 маусым 2013 жылы жазбаша міндеттеме ұсынды. Қазіргі таңда, мемлекеттік сот орындаушысы 21 маусым 2013 жылғы қаулысымен жеке кәсіпкер Е.Г.Павлюктің Ақтөбе қаласы, Ақтөбе көшесі, №35 үйде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясының жұмысын кемшіліктер жойылғанға дейін тоқтата тұру туралы сот шешімі орындалуына байланысты атқару өндірісі қысқартылды (тоқтатылды). «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47 бабы 2 тармағына сай атқарушылық құжаттың орындауға берiлу мерзiмiн сот қалпына келтiрген не сот орындаушысының iс жүргiзу тоқтатылған атқарушылық құжатты орындау жөнiндегi әрекетi заңсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, тоқтатылған атқарушылық iс жүргiзудi қайта бастауға болмайды. Аталған Заң талабына сай сот орындаушысының атқару өндірісін қысқарту (тоқтату) туралы қаулысы тек қана сот тәртібімен шағымдануға жатады. Берілген жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған прокурорға шағымдану құқығын түсіндіремін. Ақтөбе қаласының прокуроры Ғ.И.Әміров орын:А.Сәрсенбаев т:221964
  • Сұрақ №: 2388
    Дата: 27.05.2013 14:45:31
    Аты-жөні: Такишев Айбарбек
    Сұрақ:
    Саламатсызба! Мен "Ақтөбе НефтеМаш" ЖШС-де 2005 жылдан автокөлік инженері қызметін атқарамын, мен іс-сапарда көп жүремін, бірақ менің жалақым басқа жұмысшыларға қарағанда аз мөлшерде аламын. Біздің басшылар ҚХР азаматтары. Бас директордың айлығы 1 500 000 теңге. Ал менің жалақым 67 000 мың теңге. Жургізушілердің жалақысы 57 000-62 000 тенге. Еңбек қорғау департаментіне беретін жұмысшылар тізіміндегі адамдардың 50-60% бізде қызмет етпейді. Соған байланысты шара қолдануыңызды өтінемін.
    Жауап күні:
    2013-06-21
    Жауап:
    ответ Такишеву А
  • Сұрақ №: 580
    Дата: 10.01.2013 02:45:16
    Аты-жөні: Таңқаев Қайрат
    Сұрақ:
    Саламатсызба Нұрғалым Мәжитұлы Мен Комета дүкенінен 02.01.2013ж. шаңсорғыш сатып алғанмын,алған кезде тексеріп берген жоқ 14 күн ішінде дұрыс жұмыс жасамаса алмастырамыз деп шығарып салды, 1 аптадан кейін бірінші рет қосқан кезде одан ақау шығып, мен дүкенге барғанымда сервистік қызмет орнынан қортынды алып келіңіз деді, мен ол жердің берген құжатын алып барғанымда дүкен әкімшісі сіз шаңсорғышты лас қолданғансыз, яғни пайдаланғансыз деген сылтаумен маған шаңсорғышты алмастырудан бас тартты, егер мен пайдаланып білмесем онда ақау болатынын қайдан білемін, яғни менің 14 күн ішіндегі мерзімде сатып алған затты кері алмастыру құқығыма нұсан келтіріп отыр, яғни Комет дүкені Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң талаптарын аяқ асты етіп отыр және Мемлекеттік тіл туралы заң талаптарын сақтамай отыр, себебі дүкенде сатылып жатқан тауарлардың қысқаша сипаттамасы тек қана орыс тілінде көрсетілген, сондықтан заң талаптарының орындалуын қадағалушы мекеме болғандықтан Сізден көмек сұраймын, алдын ала рахмет.
    Жауап күні:
    2013-05-24
    Жауап:
    в отн администр маг "Комета"

Беттер