Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 12928
    Дата: 08.12.2014 17:14:44
    Аты-жөні: Бақтыбайқызы Камшат
    Сұрақ:
    Сәлеметсізбе. Жолдасыммен заңды ажырасып кеткеніме 3 ай болды. Бірақ 2013жылдың қаңтар айынан бірге тұрмаймыз. Арамызда жас жарымнан асқан баламыз бар. Мен алиментке мамыр айында арыз жазғам. Сот үкімі шықты. Бірак ол заңды түрде ажырасқанан кейін төледі. Жане толық емес. Қазан айында 15 мын, қараша айында 10мын. Сот орындаушысы бір ауылдан болғансоң сол борышкердің сөзін сөйлеп, қазірге дейін ешқандай әрекет істеп жатырған жоқ. маған бір рет қоңырау шалып, борышкерді қорғап, менімен дөрекі сөйлесіп телефонды тастап жіберді. Міне содан бері алменттің жөнінен бейхабармын. Жолдасым жаз айларында жұмыссыз болған. Қазір теңгизде бір компанияда жұмыс істейді. Ендігі сұрағым сізге. Сот орындаушысы борышкерден айма ай төленбеген алиментті алып беруі тиіспе? Егер сот орындаушысы өз міндетін атқармаса қандай шара қолдануға болады? және борышкер ай сайын ортақ балаға алимент төйлетіп тұру үшін мен нестей аламын? Қайда барып шағымданамын? Сіздің тарапыңыздан маған қандай көмек бере аласыз?
    Жауап күні:
    2014-12-22
    Жауап:
    К.Бақтыбайқызына Ақтөбе қаласы Алимент өндіруге қатысты сұрақтарыңызға Ақтөбе облысының прокуратурасы төмендегіні хабарлайды. Қолданыстағы заңнамалардың талаптарына сәйкес, егер борышкер жұмыс жасаса алимент төлемдері борышкердің жалақысынан өндіріледі. Ол үшін сот орындаушы алимент төлемдерін және айқындалған берешектерді (төленбеген айларға) жалақыдан ұстау туралы қаулы рәсімдеп, борышкердің жұмыс орнына жолдауы қажет. Сәйкесінше жұмыс беруші тарапы ай сайын Сізге алимент төлемдері мен бершектерді аударып отырады және аударылған төлемдер туралы сот орындаушыға хабарлайды. Егер сот орындаушы өз қызметін тиісті түрде атқармаса, әділет немесе прокуратура органдарына шағымдануыңызға құқығыңыз бар. Заңды күшіне енген сот актісін орындамау заңдарда көрсетілген жауаптылықтарға әкеліп соғады. Ақтөбе облысының прокуратурасы
  • Сұрақ №: 11857
    Дата: 28.10.2014 23:27:31
    Аты-жөні: Ерматов Аманжол
    Сұрақ:
    Мәртөк ауданы Родниковка ауылында газ желісі жүргізілу үстінде. Міне осы газды үй үйге тарту барысында алаяқтыққа жол берілуде. Олай дейтін себебім. Бір ғана газ құбырын тартушы кәсіпкер жүр, басқа кәсіпкерлерді ауылға жібермеуде. Соның кесірінен монополия туындап отыр. Еш бәсекелестік жоқ. Неге бәсекелес бірнеше кәсіпкерлер жұмыс жасамайды.Егер бірнеше кәсіпкер жұмыс жасаса халыққа да жақсы болар еді.
    Жауап күні:
    2014-10-31
    Жауап:
    Құрметті Аманжол Серікбайұлы! Сұрағыңызды блогқа орналастыру кезінде Сізбен Пайдаланушының келісім шарттары сақталынбаған. Назар аударыңыз: қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ тексеру жүргізу, прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану, заң нормаларын түсіндіру туралы өтініштер Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына былайша жолданады: - арнайы әкеліп тапсыру; - пошта арқылы жолдау; - www.115.kz электронды порталына жіберу. www.115.kz электронды порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет. Сонымен бірге, жоғарыда талаптарды сақтай отырып, Сіз осы мәселеге қатысты тікелей Ақтөбе облысы бойынша Монополияға қарсы инспекциясына немесе Мәртөк аудандық прокуратурасына жүгінуіңізге болатындығын түсіндіреміз. Ақтөбе облысының прокуратурасы
  • Сұрақ №: 11499
    Дата: 09.10.2014 00:05:15
    Аты-жөні: Балданов Жанболат
    Сұрақ:
    Саламатсыз ба? Мен Шалқар қаласының тұрғынымын! Бизде қазир Аи 93 маркалы бинзиннің бағасы 145-150 тенге шамасында! Сапасы өте*өте төмен! Неге жалпы Қазақстан бойынша белгіленген баға бірдей болмайды!Биздегі АЗС қожайындары билгенин жасап отыр! Соны тексеріп, я сапасын жақсартып, не болмаса бағасын түсіруге қандай шаралар қолдана аласыздар!
    Жауап күні:
    2014-10-16
    Жауап:
    Құрметті Жанболат Қайратұлы! Сұрағыңызды блогқа орналастыру кезінде Сізбен Пайдаланушының келісім шарттары сақталынбаған. Назар аударыңыз: қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ тексеру жүргізу, прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану, заң нормаларын түсіндіру туралы өтініштер Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына былайша жолданады: - арнайы әкеліп тапсыру; - пошта арқылы жолдау; - www.115.kz электронды порталына жіберу. www.115.kz электронды порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет. Ақтөбе облысының прокуратурасы
  • Сұрақ №: 5774
    Дата: 06.01.2014 02:28:13
    Аты-жөні: Иманбетова Тония
    Сұрақ:
    Саламатсыз ба? Мен сізден сұрайын деп едім. Жем түрмесінде сотталушылар жеке куәліктерін бір жылдан бері ала алмай келеді. Администратор неге жұмыс істемейді? Соның шешімін кім айтады? Соны білгім келеді.
    Жауап күні:
    2014-01-20
    Жауап:
    Т.Ж. Иманбетоваға Ақтөбе қаласының тұрғыны 030000 Сіздің 2014 жылдың қантар айының 06 жұлдызында Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының блогына жазылған Жем қаласындағы КА-168/5 түзеу мекемесінде сотталушылар жеке куәліктерді ала алмай жүргені туралы өтінішіңіз тексеру жүргізуімен қаралды. Аталған мекемеде тексеру жұмыстарын жүргізу барысында төмендегі мән-жайлар анықталған. Яғни, тексеру барысында мерзімдерінің өтуіне байланысты жарамсыз деп танылған барлығы 84 сотталғандардың жеке куәліктері анықталған. Олардан басқа 7 сотталғандардың жеке куәліктері жоқ екендігі анықталды. Аталған сотталғандарды құжаттандыру бойынша көші-қон полициясымен хат алмасу құжаттамасын тексеру кезінде КА-168/5 түзеу мекемесінің жауапты қызметкерлерімен сотталғандарды уақытында құжаттандыру іс-шаралары алынбағандығы анықталды. Бұл жерде Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару Кодексінің 173 бабының 4 тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру қағидаларының талаптары өрескел бұзылғандығы анықталып отыр. Осы заң бұзушылықтар бойынша Мұғалжар ауданы прокуратурасының тарапынан Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық – атқару жүйесінің Департаментіне Ақтөбе облыстық прокуратура арқылы заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілгенін хабарлаймын. Аталған ұсыныстын қаралу нәтижесі бойынша Сіз Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық – атқару жүйесінің Департаментінде біліуіңізге құқығыңыз бар екенін түсіндіремін. Сонымен қатар, осы жауапқа риза болмаған жағдайда Сіз жоғар тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдаңуыңызға құқығыңыз бар екенің қоса түсіндіремін. Мұғалжар ауданының прокуроры кіші әділет кеңесшісі А.Б. Кустанов орынд: Р. Уразтаев тел: 8/71334/22265
  • Сұрақ №: 5487
    Дата: 15.12.2013 22:51:10
    Аты-жөні: серіккалиев амандык
    Сұрақ:
    темір ауданының 2009 жылғы прокуроры кім?
    Жауап күні:
    2013-12-27
    Жауап:
    2009 жылы Шадин Жайшылық Қорқытбаевич Темір ауданының прокуроры қызметін атқарды

Беттер