Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 14772
    Дата: 05.03.2015 16:55:59
    Аты-жөні: Таңқаев Абат
    Сұрақ:
    Саламатсызба! Мен 24.02.2015ж. Мерседес маркалы автокөлігімді Қызылорда облысы, Арал ауданының тұрғыны Мырзагулов Тилеген Темирханович деген азаматқа сатқан болатынмын. Құжаттарды әзірлеу барысында төленбеген 5 АЕК мөлшерінде 9 260 теңге әкімшілік айыппұл бар екендігі анықталды, маған ол туралы пошта арқылы ешқандай хабар келген жоқ болатын және ол туралы мен 2014 жылы жергілікті Әкімшілік Полиция Басқармасы, әрі қарай ӘПБ-нан біліп 20.10.2014 ж. төлеп, түбіртектің қабылданғаны туралы кіріс мөртабанын бастырып белгі соқтырдым, басқа ешқандай сұрақтар талаптар болмағасын айыппұл төлеген түбіртекті қайтадан белгі соқтырып менің автоқөлігімді есептен шығарып сатып алушы азамат өзінің аулына Қызылорда облысы, Арал ауданына кетіп қалды. Міне содан бері осы күнге дейін сатып алушы Қызылорда облысы, Арал ауданының ӘПБ-на өзінің атына есепке тіркей алмай мені күнде мазалаумен болды, себебі менің атымдағы төленген әкімшілік айыппұл республикалық айыппұлдарды есепке алу бағдарламасынан алынбай әлі күнге дейін тіркеуде тұр екен. Мен өзімнің тұрғылықты жерім бойынша Ақтөбе облысы ӘПБ-на барып білгенімде менің төлеген түбіртегім есепке алынған, ал есептен шықпай тұрған айыппұл, әкімшілік айыппұлдарды тіркеу бағдарламасының бір мезгілде істен шығыуына байланысты көптеген айыппұлдар оның ішінде менікі де бар қайталанып көшірмеге айналған, оны есептен алуға Ақтөбе облысының ӘПБ-сы қауқарсыз, себебі бағдарламалық жүйеге кіруге өзгеруге құқықтары жоқ екен, ол тек Астанада комитетте программистер шешеді деп түсіндірді. Ақтөбеден ӘПБ-сы Қызылордаға Арал ауданына ӘПБ-на телефон арқылы әкімшілік айыппұлдың төленгені туралы, ал бағдарламадан көрініп тұрған қате екенін түсіндірседе, Арал ауданының ӘПБ-сы, ол жақта автокөлікті сатып алушы Мырзагулов Тилеген Темирхановичтің атына тіркеуден бас тартып отыр. Сондықтан осы мәселені шешіп беруіңізді сұраймын.Дата нарушения: 14.08.2014 02:59 Статья: Ст.463-8 ч.1Несоблюдение требований дорожного знака, разметки проезжей части Марка тр. ср.: MERCEDES BENZ D065LXM
    Жауап күні:
    2015-03-06
    Жауап:
    Құрметті блогты пайдаланушы Мырзагулов Тилеген Темирханович! Сұрағыңызды блогқа орналастыру кезінде Сізбен Пайдаланушының келісім шарттары сақталынбаған. Назар аударыңыз: қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ тексеру жүргізу, прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану, заң нормаларын түсіндіру туралы өтініштер Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына былайша жолданады: - арнайы әкеліп тапсыру; - пошта арқылы жолдау; - www.115.kz электронды порталына жіберу. www.115.kz электронды порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет. Ақтөбе облысы прокуратурасы
  • Сұрақ №: 14487
    Дата: 21.02.2015 21:45:14
    Аты-жөні: Толепбергенов Нурлан
    Сұрақ:
    Саламатсызба прокурор мырза! Мен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университеті Заң факультетінің 1-курс студентімін. Мамыр айындаа оқу аяқталған соң аудандық прокуратурада практикадан өтуге болама? Прокуратура органдарының жұмысымен танысқым келеді.
    Жауап күні:
    2015-02-25
    Жауап:
    Cіздің Байғанин аудандық прокуратурасына тәжірибеден өту жөніндегі жазған сұрағыңызға келесіні хабарлаймын. 2014 жылы 20 тамызда Сіздің оқып жатырған Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік Университетімен Ақтөбе облыстық прокуратурасы арасында студенттерді тәжірибеден өткізу туралы келісім шарт жасалған. Аталған шартта оқу орныңыздың міндетінде алдын-ала, кемінде екі ай бұрын мекемемен келісе отырып тәжірибеден өту бағдарламасын, күнтізбелік уақытын және тәжірибеден өтетін мекемеге яғни, Ақтөбе облыстық прокуратурасына студенттердің жолдамасын жолдауы қажет. Осы көрсетілген міндеттер орындалған жағдайда Сіз оқу бағдарламасына сәйкес тәжірибеден өте алатыныңызды түсіндіремін.
  • Сұрақ №: 13720
    Дата: 19.01.2015 15:29:01
    Аты-жөні: Ақтөбе Мұғалімдері
    Сұрақ:
    Біз бір топ ауыл мектептерінің мұғалімдеріміз,осы 10 жылдан астам, жыл сайын бар біліктігімізді салып мектеп түлектерін ҰБТ-ң қорытындысы бойынша «Алтын белгі» иегерлерін дайындаймыз,себебі,әр мұғалімге абырой керек,жетістіктерімізге қуанамыз,ол оңай еңбек емес,әрбір пән мұғалімі өзінің жетістіктерін мақтан етеді,түлектер мен бірге ата-аналарда біздің еңбегімізге риза. Тек қана,осы еңбекті бағаламайтын білім басқармаларының қызметкерлері сияқты.Неге десеңіз,облыстық білім басқармасы қыркүйек айында оқушыларды ҰБТ-ға дайындап, «Алтын белгі»иегерлерін дайындаған 37 класс жетекшілері Турцияға путевкамен марапатталды(2014 жылы 26 тамызда №329 бұйрық-бұйрықтың көшірмесін жалғап отырмыз). Сонда, «Алтын белгі» иегер оқушыларды пән мұғалімдер дайындай ма ,әлде класс жетекшілері ме,біз түсінбедік,класс жетекшілердің қандай ҰБТ-ға қатысы бар,ал пән мұғалімдері қайда қалды?Біздің еңбегіміз далада қалды ма? Еңбек сіңірген бір мұғалім аталмады.Мектеп директор ҰБТ-ң нәтижесін бізден талап етеді,ол дұрыс,себебі,пән мұғалімдері оқушыларды дайындайды,оқытады,нәтижесін талдайды,оқушылардың қатесін түзетеді,ата-аналармен байланыста болады,оқушылармен жан-жақты жұмыс атқарады.Соның ішінде «Алтын белгі»иегерлерін дайындау біздің мақсатымыз ,ол оңай емес.Оны білім басқармасының қызметкерлері жақсы біледі.Сөйте отырып,біздің еңбегіміз ескерілмегенге таң қалдық және ренжідік. Біздің ойымызша,тек сондай сылтау бұйрық керек болған шығар дейміз.Мұнда айта кету керек,бұйрықтағы бөлінген класс жетекшілерінің көбісінің орнына аудандық , облыстық кәсіподақ төрағалары мен бухгалтерлер,облыстық әдістемелік орталығының қызметкерлері аталған путевкалармен Турцияға барып келді,ал тіпті олардың ҰБТ-ға қандай қатысы бар,соның ішінде «Алтын белгі»иегерлерін дайындауға? Әлде біздің облыста оқушыларды,оқытатын,ҰБТ-ға дайындайтын кәсіподақ төрағалары мен бухгалтерлер және әдіскерлер ме?Әрине,аталған №329 бұйрыққа ешқандай өзгерістер енгізілген жоқ,бұйрықта аталған,бірақ та бармаған класс жетекшілеріне ақшалай путевка құны төленген жоқ.Осыны жіберген турфирма арқылы білуге болады. Әрине,біз білім басқармасына немесе облыстық білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына мұны ашық айта алмаймыз,ертең қуғынға түсеміз,сол мектептегі еңбегімізбен күн көріп,семьямызды асырап отырмыз,сондықтан бізді дұрыс түсініңіз,бірақ та осы фактіні тексерсеңіз,бірде-бір жала сөз айтылған жоқ,айтқанымыз алдыңыздан шығады. Қазақта мақал бар емес пе «Қойда тыныш,қойшы да тыныш»деген,сол сияқты Сіздің атыңызды,абыройыңызды пайдаланып,қарамағыңыздағы қызметкерлер өз «шаруаларын» тындырып отыр. Тағы да бір айта кететін мәселе,ол путевкаларды неге Қазақстанның санаторияларына берілмейді,шет елге беріледі? Бұл туралы,яғни Отандық шипажайлар көбірек көңіл бөлу керектігі мәжіліс депутаттарының пікірі және оқу жылының басталып кетуі неге ескерілмейді? Биылғы оқу жылында осындай өрескел заң бұзушылық тағы да орын алмасқа кім кепілдік береді.
    Жауап күні:
    2015-01-21
    Жауап:
    ҚР Бас Прокуратурасының блогына түскен Сіздің арызыңыз мәні бойынша қарау және тиісті шешім қабылдау үшін Ақтөбе облысының білім басқармасына жолданды. Ақтөбе облыстық прокуратурасы
  • Сұрақ №: 13598
    Дата: 14.01.2015 01:05:06
    Аты-жөні: Баймышев Аян
    Сұрақ:
    Біз Ломоносов көшесі, 8 үй, ІІ қорап тұрғындары, Сізге хат жолдауымыздың себебі: 10 (Он жылдан) бері ортақ проблемамыз, Үйіміздегі пәтерлердің тәулікке жалға берілуі. Біздің, тек қана біздің емес, осы Темір Жол Вокзалының маңында орналасқан үйлердің, солардың тұрғындарының, бастан кешіріп отырған проблемасы, түнгі вокзал бойындағы жезөкшелік, тәулікке пәтерлердің жалға беріліп, жай пәтер иелерінің түнгі тыныштықтарының бұзылуы, хат жолдауға арқау болып отыр. Тек қана біздің үйді алатын болсақ, үш жыл ішінде адам өлімі, дарға асылып қалу, Темір Жол Вокзалының жезөкшелерін, жалға алған пәтерлерге әкеліп, ұрып-соғу фактілері бірнеше рет болғанын әрбір тұрғынымыз біледі. Бүгінгі таңда Ломоносов көшесі 8 үй ІІ қорап пәтерлері бойынша, тұрғындар өз қолдарымызға алып тәртіп орнаттық, тек қана алтыншы қабаттағы 22 пәтер жүйкеміз бен тыныштығымызды әбден бұзды. Пәтердің жаңа иесі тұрғындарға көрінбей, жасырын түрде екінші немесе үшінші пәтерге ешқандай құқықтық тұрғыда қатынасы жоқ адамдар арқылы жалға беруді тоқтатпай, түнгі тыныштығымызды бұзумен қатар, жалға алған адамдары ішімдік ішіп, жиі пәтер алаңдарын қоқысқа толтырып, терезелерді сындырып, кіші дәретке отырып кетеді. Пәтерлерді өртей жаздаған қауіптер де орын алған. Жоғарыда атап көрсеткен жазбамызға орай тиесілі іс-шара қолдануыңызды сұраймыз.
    Жауап күні:
    2015-01-20
    Жауап:
    Құрметті блогты пайдаланушы! Сұрағыңызды блогқа орналастыру кезінде Сізбен Пайдаланушының келісім шарттары сақталынбаған. Назар аударыңыз: қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ тексеру жүргізу, прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану, заң нормаларын түсіндіру туралы өтініштер Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына былайша жолданады: - арнайы әкеліп тапсыру; - пошта арқылы жолдау; - www.115.kz электронды порталына жіберу. www.115.kz электронды порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет. Ақтөбе қаласының прокуратурасы
  • Сұрақ №: 13338
    Дата: 29.12.2014 14:53:46
    Аты-жөні: Жұбаев Орынбасар
    Сұрақ:
    Ақтөбе облысының прокуроры Нұрғалым Мәжитұлы Әбдіров мырзаға!!! Топтық алғыс білдіреміз! Біздер, Шалқар ауданының бір топ шаруа қожалықтарының иелері аудан прокурор басшысы Айбек Айтбаев және оның жәрдемшісі Жаңабай Қатуовқа үлкен ризашылығмызды білдіріп, оларға денсаулық, қажымас қайрат, елге деген еңбектеріне жетістік, амандық тілейміз! Біздер біраз жылдардан бері төрт түлік малдарды бағып, оны өсіріп және асыл тұқымды малдарды көбейтумен айналысып отырған шаруашылықтармыз. Бірақ, осы ірі қара және қой-ешкілердің қалдықтары тезек, қиларға табиғатты бүлдірдіңдер деген негізде қоршаған ортаға эмиссия төлемдерін төлеңдер деп облыс салық басқармасы көрсетуімен аудан салық комитетінің қызметкерлерімен 2013 жылы қосымша декларациялар ұсыну қажеттілігі туралы хабарламалар жіберіп, осы барлығымызға 52 000 мен 150 000 тенге аралығында қи төлемдерін төлеттірді. Осы аудандық салықшыларымен берілген хабарламалардың орындығы мен ірі қара және қой-ешкілердің қалдықтары тезек, қиларға салық төлемдерді төлеумен келіспейтінімізді айту үшін аудан прокуратураның сенім телефонына хабарласып, прокурордың қабылдауынабарып өзіміздің ойларымызды жеткіздік. Прокурорларға риза болғанымыз; шалғайдағы ауданда негізі күн-көрісіміз мал шаруашылығы екендігі, осы малды ауа-райына байланысты жыл бойы өрісте ұстайтынымызд,осы қазақ малдары арқылы тек отбасымызды ғана асырап қоймай, бірнеше адамдарды жұмысқа алып, үкіметке ешқандай күш салмай керісінше өз күнімізді өзіміз көріп халыққа ет, сүт, майларымызды өткізіп,барымызша таза еңбекпен, таза өнімдерді елге ұсынып отырғанымызды шын жүрекпен түсініп, тексеріс жасады. Нәтижесімен аудандық прокуратурасының араласуымен аудандық салық комитетімен берілген хабарламаларды заңсыз екендігі анықталып, Шалқар бойынша 100-ден басқа аса біз сияқты жеке қожалықтарымен орынсыз төлеген "қи салығын" бұзып кері қайтарытп, біздіқуантуда. Біз осы малдарымызды фермада қамап ұстап су, жерге, ауаға зиянын тигізіп қалдықтарын жинап ластайтын "шошқа" малын бағып отырған жоқпыз. Сондықтан осы біздің Шалқар прокуратурасының қадамын қолдап "Қиға" қатысты салық заңын, шаруалар мүддесін, қазақ менталитетін ескере барлық Қазақстан ауылдарына алып тастаған өте дұрыс болып, Дүние жүзіне әйгілі басшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Мал шаруашылығын" өркендетіп, дамыту туралы жолдауын іске асуына үлкен қолдау болып, біз сияқты шаруаларға үлкен дем беретін сөсіз екенін түсініп Қазақстанда заң шығару кезінде осындай мүдделерімізді ескере берсеңіздер екен. Алғыс айтушылар: "Ақжол" ШҚ-ң төрағасы Жұбаев Орынбасар "Нұрғали" ШҚ-ң төрағасы Жансүгүров Есен "Ебес" ШҚ-ң төрағасы Абуов Мейрамғали, және де басқа да жеке қожалықтар,кәсіпкерлер иелерінен.
    Жауап күні:
    2015-01-19
    Жауап:
    Ақтөбе облысы Шалқар ауданы О. Жұбаевқа, Е. Жансүгүровке, М. Абуовқа және т.б. Сіздің, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы прокуратурасының қызметкерлеріне алғыс білдіру туралы өтінішіңіз қаралды, оның нәтижесінде қызметкерлердің өз міндеттерін үлгілі орындағандары мәліметке алынып, марапаттау мәселесін қарау кезінде ескерілетінін хабарлаймын. Ақтөбе облысы прокурорының кадр жұмысы жөніндегі аға көмекшісі Ж. Аимбаев

Беттер