Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 16455
    Дата: 23.05.2015 23:35:52
    Аты-жөні: Иржанова Бибзада
    Сұрақ:
    Саламатсызба ага! мен сизге Берчогур каласынан хабарласып отырмын.Менің агам Иржанов нурбол Ельбайұлы кісі өлтірді деп сотталып отыр. 2009 жылы ішімдік ішіп көрші орыс шалмен, екеуі сөзге келіп қалады. Ол орыс шалмен екібасты ұйде бала кещзімізден көрші болып келдік. Ол кісі аузы оте лас,наглый кісі еді. Нурболдын екі қарындасы бар кішісі яғни мен Бибзада. Ол кісіні барлық ауыл білет көргенсіздеу кісі екенін аузы лас кісіні мазак қылып кекетіп мұқатып слойлейтін кісі еді сөзім ауыр болмасын. Мен агамды да сол кісіні олтіргені дұрыс болды деп жатканым жок, барлығы аяқ асты болды. Агам олтіріп алатын күні как раз ме диплом алып жаттым. Осы агам мені 4 жыл бойы университетте оқытты. Агамнан осындай шыгады деп үш ұйыктасамда түсіме кірмепті. Оте жуас еді. Сол шалды олтіріп алатын күні шамалы балдармен жуган менің кішкентей карындасым диплом алып жатыр деп куаныштан тойлаган. Ішіп келе жатырп сол орыс кісі ягни дед Саша кездескен. Агамды мазак кылып тілімен шаққан. Яғни балагаттаган Че не женишься ,,,,,,, тб деген сиякты айтуга аузым бармайт. Содан екеуі тқбелісіп калган агам байкамай олтіріп алган. Баякамай деуге де болмайтын шыгар барлык кылмескер байкамай кісі олтіре берсе заман не болар еді.Калай олтірседе адам олтіріп отыр гой. Мен агамды жактап жатканым жок. Әр тиісті адам жазасын алу керек деп санаймын. Енді менің сізге бір отінішім болып тұр еді. Агам яги Иржанов Нурбол Ельбайұлы казір 6 жылдан аса уақыт отті Эмба каласында жазасын отеп жатыр. Екі қарындасы да тұрмыстамыз. Бір жеңілдік болып агамды шығаруға мүмкіндік жокпа ага. Ауылда дәл коршіні олтіріп алгасын Мұгалжардан көшіп кетуге тура келді. Уйімізді сатып Актобе анам екеумәз келдік. Бірак калада үй алу мүмкін болмай кетті. Далад калдык десекте болады. Анам солай квартира общижитя жалдап жүріп туберкулезбен ауырып калды. 3 жыл болницада жатты казір жұмыска жарамсыз пенсия алып отыр. Енді казір анам үйде кезекте тұр бірак үй алар түріміз жок. Анама киын болды.Жасы келгенде общижетья жалдап тұрып жатыр. Ага бір көмегіңізді тигізіңізші. Жазасын отеді деуге болады анам солай бір жерде кайтыс болама деп коркам. Осындай краныдасын жылап турганда ага отәнем бір жауабын беріңізші. Иржанов Нурболга кандай көмек бере аласыз. Ісін кайта көтеруге болмайды ма?
    Жауап күні:
    2015-06-10
    Жауап:
    Құрметті блогты Иржанова Бибзада Ельбаевна! Сұрағыңызды блогқа орналастыру кезінде Сізбен Пайдаланушының келісім шарттары сақталынбаған. Назар аударыңыз: қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ тексеру жүргізу, прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану, заң нормаларын түсіндіру туралы өтініштер Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына былайша жолданады: - арнайы әкеліп тапсыру; - пошта арқылы жолдау; - www.115.kz электронды порталына жіберу. www.115.kz электронды порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет.
  • Сұрақ №: 15220
    Дата: 28.03.2015 20:13:39
    Аты-жөні: Ақмурзин Абылай
    Сұрақ:
    Саламатсызба прокурор мырза!мен болашақта прокуратура органыга жұмысқа тұрсамба деген ниетім бар еді,қазірда осы ауданның прокуратурасынан жастар практикасымен жумысқа кірдім,енді практикамның уақыты біткеннен кейін прокуратураға тұрақты тұру үшін тест тапсыру керек екен,қандай тесттер болатынын айтып берсеңіз мен қазірден бастап дайындалайын деп едім. Рахмет.
    Жауап күні:
    2015-04-01
    Жауап:
    А.С.Ақмурзинге Прокуратура органдарында қызмет өткеруге орналасу тәртібі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 04 мамыр 2014 жылғы №40 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелеріне қызметке орналасу үшін конкурс және тағылымдама өткізу Ережелерімен» реттеледі. Бос лауазымды қызмет орынына орналасу конкурсына қатысуға керекті құжаттарды дайындау және рәсімдеу үшін, Сіз, Ақтөбе қаласы, М.Маметова көшесі, 6А, тел.:8-7132-90-14-58 мекен-жайында орналасқан Ақтөбе облысы прокуратурасының кадрлармен жұмыс жөніндегі тобына келіп, жолығуыңызға болады. Ақтөбе облысының прокуратурасы
  • Сұрақ №: 15087
    Дата: 20.03.2015 12:20:49
    Аты-жөні: ақылбеков абзал
    Сұрақ:
    Менің есімім Ақылбеков Абзал Тілеуқабылұлы. Мен 1987 жылы 13 желтоқсан күні Ақтөбе облысының бұрынғы Комсомол ауданы, Восточный ауылында дүниеге келдім. Сол ауылымда 11 жылдық орта мектепті бітіріп, 2005-2009 жылдар аралығында Ақтөбе МПИ «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша білім алып дипломға ие болдым. 2009 жылы Қазақстан Республикасының «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша өзімнің туған ауылым, қазіргі Әйтеке би ауданы, Сұлукөл кеңшарына Бейнелеу өнері пәні мұғалімі ретінде 5 жыл контрактіге отырып жұмыс атқарып шықтым. Сол аралықта оқушыларым, өзім түрлі, аудандық, облыстық, Республикалық жетістіктерге жетіп алғыс хат, мадақтама, дипломдармен марапатталдым. Сосын 2014 жылы маусым айында келісім шартымның аяқталуына байланысты жұмыстан шығып, Ақтөбе қаласында мамандығыма сай жұмысқа орналаса алмауымның салдарынан 4 ай түрлі жерлерде жұмыс атқардым. 1 қараша айынан бастап Ақтөбе облысы, Мәрток ауданы, Родниковка селосына жұмысқа орналасып Наурыз айының 14 жұлдызына дейін жұмыс жасадым. Оқушылармен, педагог ретінде, өзімнің эстетика-этикалық тұрғыдан әдепсіздік танытқанымды, мойындадым, мойындаймында. Тиісінше жазалауларынызды сұраймын. Мұғалімге жат тәртәпсіз, әдепсіз қылығым деп мен сабақ барысында ең бірінші, 9а сынып оқушысы Сарманов Әнуарды ашумен киімінен (жағадан) ұстап, партаны ашумен ұрып қалып, «БЛИН» деп әдепсіз сөзді айтқаным. Мен оқушының ар-намысына тиетін ауыр сөз айтпадым, зорлап-қорлағаным жоқ, ұрғаным жоқ, моральдік тұрғыда зиян келтірмедім деп есептеймін. Мен айыптымын тек Ануар атты оқушының алдында, сол сәтте Әнуардан кешірім сұрап кінәмді мойындадым, бұл іске басқа оқушылардың қандай қатысымы бар. Менің сізге айтпақ шағымым, менің үстімнен мектеп оқушыларынан, ата-аналардан, мектеп директорнан, жасаған әдепсіз әрекетімнен тыс, тым асыра сілтеп айтылған жәлелер негізінде жұмыстан статьямен шығарылдым. Жоғарыда айтылғандай жағадан ұстадым, оны оқушы, ата-ана, директор ұлғайтып мойынынан қылғындырды, шашынан тартты деп айтуда, айтылған «БЛИН» сөзіне қосып, СУКА, Убью, закопаю секілді тағы басқа еш дәлелі жоқ негізсіз сөздер айтылып арыз, шағым тусірілді. Мені жынды, есинен ажасқан, емделуі қажет, мұғалімдік қызметке лайықсыз деп, мектеп директоры Актолкин Нуриденова бұлардың ақ қарасына жетпей, анықтамай мені жұмыстан шығару барысында Еңбек кодексінің 54-56 баптарын ескермей, өзінің лауазымдық қызметін асыра пайдаланып педагогикалық кеңессіз, пед.кеңесте толтырылатын хаттамасыз, кәсіподақ ұйымының төрғасы Абилов Райл Сандибаевичтің қатысуынсыз, екіжақтан қаралып ескерілетін мұғалімдердің, ата-аналардың ой-пікірінсіз, сөгіс жариялап қысқа мерзімде еңбек кітапшама статьямен мөр басып, ақ-қарасын анықтамай мені Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне негізсіз 73-ші баптың 1,2,3,4,5,6 тармақтарына қарама қайшы әрекетке барып мені заңсыз жұмыстан шығарды. Менің Қазақстан Республикасының азаматы ретінде құқығым бұзылды. Өзімнің әдепсіздік танытып, сәл қызуқанды ашумен жасалған іс-әрекетімді мойындаймын. Соның бәрі заңды түрде, жан-жақты ескеріліп, зерттеліп шешімі шықса деймін. Мектептің кәсіп одақ ұйымының төрағасы Абилов Раил Сандибаевич және мектеп мұғалімдер ұжымы, оқушылар, ата-аналар мектеп басшысы қызметін уақытша атқарушы Конусова А.Н-ға, шығарылған шешімінің әділетсіз, еш негізсіз екенің айтып, шешімді қайта қарастыру қажет екенің, тек сөгіс жариялап, мектепке атқарған қызметін, жақсылықтарын ескертіп, кешіріммен қарап жұмысқа қайтрылу жақтарын айтып өтініштер жолдады. Бірақ директор оған құлақ асар емес. Өз қызметін асыра сілтеп пайдаланумен қатар ауыл арасында бұл болған уақиғаны дүрліктіріп өсек таратып жатқан көрінеді, мені псих, ауру деп айыптауда, оған куәгерлерде бар. Ол мектеп басшысына тән қылық болып есептелеме. Ата-ана, бала айтса бірсәрі, кімнің ауызына қақпақ боламыз. Ол кісіде маған жан күйзелiсi жағдайында зиян келтiріп кері әсер етуде. Мен Актолкын апайға бұған дейін қарсы пікірім болған емес, ол кісінің мені жұмысқа орналастырып, атқарған жұмысымды ескере отырып 3 ай өткен соң айлығымды көтеріп, мені көтермелеуін мен, маған жасаған көмегі қолдауы деп түсінемін, оған алғыс айтам, алғыс айтып та келдім. Бірақ мен ол кісі меннен не жамандық көріп отыр, маған жала жауып мені психопат-жынды деп айыптап моральді-психикалық тұрғыда қысым көрсетуде. Ауданнан, аудандық білім бөлімінің басшысымен қоса комиссия мүшелері келіп мәселенің анық қанығына жетті. Оқушылармен ата-аналармен, мұғалімдермен, мектеп директорымен сөйлесіп бұл мәселені еш дүрліктірмей, азаматтық тұрғыда шешуге болатының, 9а сыныбында оқитын оқушылардың, ата-аналардың, директордың асыра сілтеп демонстрациялық тұрғыда көрсетіп еш себептерсіз жоғары денгейде шу шығарып отырғанына көз жеткізіп, сабыр сақтап біржақты шешуге болатының, директрдің шешімі себепсіз екенің, бір жолға тек сөгіс жариялап қана шешуге болатының айтты, бірақ бұл шешімге мектеп басшысымыз келісер емес. Мені қолдаған оқушыларға, ата-аналарға, мектеп мұғалімдеріне дауыс көтеріп, мұғалімде тән емес қылық, іс-әрекеттерге барып, қысым көрсетіп, өз ойындағысын жасауда. Жоғарыға заң тұрғыда шағым түсірсем жәле жауып отырған оқушыларға, ата-аналарға, директоріде мен секілді жазаланатыны сөзсіз. Мен ешкімді ұрғаным жоқ бұғауыз сөздер айтып боқтағаным жоқ, оқушыларды қорқытып үркіткенім жоқ, зорлық көрсетпедім. Мен де өзімнің жасаған мұғалімге жат әдепсіз қылығыма сай шешім шыққаның қалаймын. Сол кездегі меніңде жағдайым ескерілсе жақсы болар еді. Оқушылар тындамай, мазақ етіп, берген тапсырмаларымды орындамай отырғандары. Ашумен болды, мойындаймын, кінәлімін айыптаныздар тек заңды тұрғыда. Бірақ тиісті азаматтарда заңға өз жазасын алсын себебі мектеп директоры Конусова Актолкин Нуриденова еш дәлелсіз, менің 9а сынып оқушысы Сарманов Әнуармен болған келеңсіз жағдайдың анығына жетпей, біреулердің даурықпа жалған сөздеріне сеніп, мені тындамастан, менің сол болған оқиғаға қатысты түсініктемемсіз, педагогикалық кеңес өткізіп мән жайдын анықталуынсыз, ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс жариялаусыз, мектеп кәсіподақ ұйымының төрағасы Абилов Раилдың қатысымынсыз сол қысқа мерзімде басқа да қолданылуға болатын шараларды қарастырмай мені статьямен жұмыстан шығарып жіберді. Еңбек кітапшама заңсыз мөр басып берді. 4 күн өткеннен соң өзінің жасаған заңсыз әрекетін жуып шайу мақсатымен тағыда заңды бұзып, басылған мөрді жұмыстан өзеркімен босатылды деп өзгертіп отыр. Менің бұл уақыт аралыққа дейін шағым түсірмеуімнің себебі азаматтық тұрғыда анықтап, жиналыс өткізіп ауыл, аудан көлемінде шешуге болама деп үміттеніп едім, себебі қателікті кім жібермейді. Арамызда түсініспеушілік болған шығар, ашуға бой алдырған болармыз.
    Жауап күні:
    2015-03-27
    Жауап:
    ҚР Бас Прокуратурасының блогына түскен Сіздің арызыңыз мәні бойынша қарау және тиісті шешім қабылдау үшін Мәртөк ауданы прокуратурасына жолданды. Ақтөбе облыстық прокуратурасы
  • Сұрақ №: 15045
    Дата: 18.03.2015 23:57:45
    Аты-жөні: ақылбеков абзал
    Сұрақ:
    Саламатсызба прокурор мырза! Менің есімім Ақылбеков Абзал Тілеуқабылұлы. Мен 1987 жылы 13 желтоқсан күні Ақтөбе облысының бұрынғы Комсомол ауданы, Восточный ауылында дүниеге келдім. Сол ауылымда 11 жылдық орта мектепті бітіріп, 2005-2009 жылдар аралығында Ақтөбе МПИ «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша білім алып дипломға ие болдым. 2009 жылы Қазақстан Республикасының «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша өзімнің туған ауылым, қазіргі Әйтеке би ауданы, Сұлукөл кеңшарына Бейнелеу өнері пәні мұғалімі ретінде 5 жыл контрактіге отырып жұмыс атқарып шықтым. Сол аралықта оқушыларым, өзім түрлі, аудандық, облыстық, Республикалық жетістіктерге жетіп алғыс хат, мадақтама, дипломдармен марапатталдым. Сосын 2014 жылы маусым айында келісім шартымның аяқталуына байланысты жұмыстан шығып, Ақтөбе қаласында мамандығыма сай жұмысқа орналаса алмауымның салдарынан 4 ай түрлі жерлерде жұмыс атқардым. 1 қараша айынан бастап Ақтөбе облысы, Мәрток ауданы, Родниковка селосына жұмысқа орналасып Наурыз айының 14 жұлдызына дейін жұмыс жасадым. Оқушылармен, педагог ретінде, өзімнің эстетика-этикалық тұрғыдан әдепсіздік танытқанымды, мойындадым, мойындаймында. Мұғалімге жат тәртәпсіз, әдепсіз қылығым деп мен сабақ барысында ең бірінші, ер оқушы Сарманов Әнуарды ашумен киімінен (жағадан) ұстап, партаны ашумен ұрып қалып, «БЛИН» деп әдепсіз сөзді айтқаным. Мен оқушының ар-намысына тиетін ауыр сөз айтпадым, зорлап-қорлағаным жоқ, ұрғаным жоқ, моральдік тұрғыда зиян келтірмедім деп есептеймін. Менің сізге айтпақ шағымым, менің үстімнен мектеп оқушыларынан, ата-аналардан, мектеп директорнан, жасаған әдепсіз әрекетімнен тыс, тым асыра сілтеп айтылған жәлелер негізінде жұмыстан статьямен шығарылдым. Жоғарыда айтылғандай жағадан ұстадым, оны оқушы, ата-ана, директор ұлғайтып мойынынан қылғындырды, шашынан тартты деп айтуда, айтылған «БЛИН» сөзіне қосып, СУКА, Убью, закопаю секілді тағы басқа еш дәлелі жоқ негізсіз сөздер айтылып арыз, шағым тусірілді. Мені жынды, есинен ажасқан, емделуі қажет, мұғалімдік қызметке лайықсыз деп, мектеп директоры Актолкин Нуриденова бұлардың ақ қарасына жетпей, анықтамай мені жұмыстан шығару барысында Еңбек кодексінің 54-56 баптарын ескермей, өзінің лауазымдық қызметін асыра пайдаланып педагогикалық кеңессіз, пед.кеңесте толтырылатын хаттамасыз, кәсіподақ ұйымының төрғасы Абилов Райл Сандибаевичтің қатысуынсыз, екіжақтан қаралып ескерілетін мұғалімдердің, ата-аналардың ой-пікірінсіз, сөгіс жариялап қысқа мерзімде еңбек кітапшама статьямен мөр басып, ақ-қарасын анықтамай мені Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне негізсіз 73-ші баптың 1,2,3,4,5,6 тармақтарына қарама қайшы әрекетке барып мені заңсыз жұмыстан шығарды. Менің Қазақстан Республикасының азаматы ретінде құқығым бұзылды. Өзімнің әдепсіздік танытып, сәл қызуқанды ашумен жасалған іс-әрекетімді мойындаймын. Соның бәрі заңды түрде, жан-жақты ескеріліп шешім шықса деймін. бұл жерде менің тағдырым шешілгелі тұр, мағанда моральді тұрғыда онай емес мектеп директоры ескерту, сөгіс, қатан сөгіс жариялап кешіріммен қарамады. тез арада өзімді қалайша қорғауыма болады
    Жауап күні:
    2015-04-20
    Жауап:
    Мәртөк ауданы прокуратурасымен Сіздің 31.03.2015 жылғы Родниковка орта мектебінің директоры міндетін атқарушы А.Н.Конусованың үстіне жазған арызызыңыз бойынша тексеру жүргізіліп, нәтижесінде Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі (келесіде Еңбек Кодекс) талаптарының бұзылыстары анықталды. Еңбек Кодексінің 73 бабының талаптарына сәйкес жұмыс беруші өзінің актісін шығару арқылы тәртіптік жаза қолданады.Жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті. Қызметкер аталған түсініктемені беруден бас тартқан жағдайда тиісті акт жасалады.Жұмыс беруші тәртіптік жазаның түрін айқындау кезінде жасалған тәртіптік теріс қылықтың мазмұнын, сипатын және ауырлығын, оны жасаудың мән-жайларын, қызметкердің оның алдындағы және одан кейінгі тәртібін, еңбекке деген көзқарасын ескеруге тиіс. Әрбір тәртіптік теріс қылығы үшін қызметкерге бір тәртіптік жаза ғана қолданыла алады. Алайда, мектеп директорының міндетін атқарушы А.Н.Конусова жоғарыда көрсетілген заң талаптарын бұза отырып, Сізден түсініктеме алмастан, бермеген жағдайда тиісті актіні жасақтамастан ата-аналардың арыздарында көрсетілген деректерді түпкілікті тексерместен, бірбеткей 16.03.2015 жылы оған «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза жариялаған. Сонымен бірге, жұмыс берушімен ешқандай себептер ескерілместен Сіздің еңбек кітапшаңыздағы «56 бабы» жазба «51 бабы » жазбасына өзгертілген, яғни Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы №1167 қаулысымен бекітілген «Еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Нұсқаулығының 7 тармағы бұзылған. Сонымен қатар, Сіздің 15.03.2015 жылы жұмыстан өз еркімен босату туралы жазған арызыңыз қараусыз қалдырылған. Атап айтқанда, Родниковка орта мектебінің директоры міндетін атқарушы А.Н.Конусовамен Еңбек Кодексі талаптары өрескел бұзылған, яғни Сіздің арызыңыздағы көрсетілген барлық деректер тексеру кезінде анықталды. Сол себептен, жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтарды жойып, оларға жол бергені үшін кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін шешу үшін аудандық білім бөлімінің басшысы атына ұсыныс жолданды. Ұсыныстың қаралу нәтижесі туралы Сіз тікелей аудандық білім бөлімінен тікелей біле аласыз. Ата-аналардың арыздарында көрсеткен жалған деректер бойынша Сіз Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 130, 131 баптары бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық-Процестік Кодексінің 32 бабымен жекеше айыптау тәртібінде сотқа жүгінуге құқылысыз.
  • Сұрақ №: 15015
    Дата: 17.03.2015 22:18:13
    Аты-жөні: ақылбеков абзал
    Сұрақ:
    құрметті мартөк ауданының прокурор мырзасы мен Родниковка орта мектебінде 4 айдан бері жұмыс жасап келемін, менің артымнан оқушылар жала жауып мен жасамаған заңсыз әрекеттерді жасады деп ата-ана, оқушылар, мектеп диреторы атынан дәйексіз сөздер тусип статьиямен жұмыстан шығарып жиберди. соны анықтап, менин құқығымның қорғалуына көмектессениздер деймин. бірак мени мектеп мұғалімдері, оқушылары, ата-аналары, кәсіподақ ұымының төрағасы барынша қолдап қорғап жатыр. мен Ақтөбе облысы, Мартөк ауданы, Родниковка орта мектебінде 14.03.2015 ке дейін жұмыс жасадым
    Жауап күні:
    2015-03-31
    Жауап:
    Мәртөк аудандық прокуратурасымен Сіздің үстіңізден жала жауып, заңсыз жұмыстан шығарылғаныңыз туралы жазған арызыңыз тексеру арқылы қаралуда. Тексеру нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Беттер