Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 18884
    Дата: 28.09.2015 23:24:27
    Аты-жөні: Көлбаев Бақберген
    Сұрақ:
    Біз көршімен ортақ үлестегі аулада тұрамыз .Көршім үй салу үшін ,менің рұқсатымды алу керек пе? Қала сәулеті бөлімінің салатын үйдің проектісіне қаланың бас архитекторының басылған қолы мен мөрі керек пе?және қала әкімінің шешімі керек пе?
    Жауап күні:
    2015-09-30
    Жауап:
    Б. К. Көлбаевқа Сіздің, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының блогіна жазған арызыңыз, негізінен қарау үшін Ақтөбе қаласының прокуратурасына жолданды. Арызды қарау нәтижесі Сізге заңмен белгіленген мерзімінде хабарлауды№ Ақтөбе облысының прокуратурасы
  • Сұрақ №: 18667
    Дата: 17.09.2015 00:10:28
    Аты-жөні: хуанар Таншолпан
    Сұрақ:
    Саламатсызба?мен Хуанар Таншолпан осыдан 2 ай бурын Ақтөбе қаласы Елек полиция боліміне Мошейнество бойынша шағым арыз жаздым.Ол арызым еш жауапсыз болып отыр басында тергеу жүргізген Исмурзин Руслан есімді азамат кеин ауыстырып Даурен Есімді азаматка беріліпті,Менің бұл шағымданған арызым еш жауапсыз қалды Тергеушілер еш арекет жасаган жок сизден отинерім осы іс туралы шешим шыгарса
    Жауап күні:
    2015-10-01
    Жауап:
    Т.К. Хуанар Оңтүстік-Батыс, 2 Ақтөбе қаласы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік Кодексінің 105 бабына сәйкес, арызды қанағаттандыру туралы қаулы жолданады. Жалғанды: қаулы ____ бетте. Ақтөбе қаласы прокурорының көмекшісі кіші әділет кеңесшісі М.А.Сарсенгалиев тел.221001 « Б Е К І Т Е М І Н » Ақтөбе қаласының прокурорының аға әділет кеңесшісі _____________ Ғ.И.Әміров « » қазан 2015 жыл ҚАУЛЫ арызды қанағаттандыру туралы Ақтөбе қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры кіші әділет кеңесшісі Сарсенгалиев М.А., Т.Хуанардың алаяқтық дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істің полиция қызметкерлерімен тиісті деңгейде қаралмай отырғандығы туралы арызы қаралды, АНЫҚТАДЫМ: Ақтөбе қаласының прокуратурасына Т.Хуанардың алаяқтық дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істің полиция қызметкерлерімен тиісті деңгейде қаралмай отырғандығы туралы шағымы түсті. Арызды қарау барысында, 30.01.2015 жылы 15 сағат 00 минут шамасында белгісіз тұлға Ақтөбе қаласы Ахтанов көшесінің бойында орналасқан Ақтөбе қаласының білім беру басқармасының ғимаратында бола тұра, алаяқтық жолмен азаматша Т.Хуанардың сеніміне кіріп, 240 000 теңге ақшасын алдап алып кеткен. Аталған дерек бойынша, 30.06.2015 жылы Ақтөбе қаласы ІІБ Зауыт полиция бөлімімен, Т.Хуанардың арызына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабы 1 бөлігімен алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталған. 30.08.2015 жылы нағыз қылмыстық-іс бойынша Елек ПБ-нің анықтаушысы Д.Сексембаевпен ҚР ҚПК-нің 45 бабы 7 бөлімі 1 тармағына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамын анықталмағанына байланысты сотқа дейінгі тергеу бойынша мерзімін үзу туралы шешім қабылдаған. Анықтаушының аталған шешімі қалалық прокуратурамен бұзылып, қылмыстық істің жан-жақты толық көлемде тергелуін қамтамасыз ету мақсатында тергеу амалдарын ұйымдастыру жөнінде қалалық прокуратурамен жазбаша түрде нұсқау беріліп, қылмыстық іс құжаттары қосымша тергеу әрекеттерін ұйымдастыру үшін Ақтөбе қаласы ІІБ Елек ПБ-не жолданды. Жоғарыдағылардың негізінде, ҚР ҚПК–нің 105 және 193 баптарын басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТТІМ: Т.Хуанардың арызын қанағаттандыруға. Қаулыға жоғары тұрған прокурорға ҚР ҚПК-нің 105 бабы және сотқа ҚР ҚПК-нің 106 баптарының тәртібінде шағым келтіруге болады. Қабылданған шешім жөнінде мүдделі тұлғаларға хабарлауға. Ақтөбе қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры кіші әділет кеңесшісі Сарсенгалиев М.А.
  • Сұрақ №: 18257
    Дата: 26.08.2015 18:48:42
    Аты-жөні: Бекенова Айнур
    Сұрақ:
    Саламатсызба? Мен арыз беруші Бекенова Айнұр Бауржановна Ақтөбе қалалық соты бойынша Іс № 2-7928/14 23 мамыр 2014 жылы сот бұйрығы бойынша борышкер Смагулов Жанибек Игликовичтен алимент өндіру туралы сот бұйрығы шыққан. 10 шілде Ақтөбе облысы сот орындау департаменті қызметінің күшіне енген. Сізден сұрарым сот орындаушылар қашан қызметін атқарады. Неше ай сот орындаушылардың соңында жүрмін. Еш нәтиже жоқ. Бос уәде. Берген телефон нөмірі бойынша хабарлассам көтермейді. Бірінен соң бірі сот орындаушылар ауысад. Бүгін барсам ісімді екі сағат іздеп табалмады. Өткен аптада ҚР бас прокуроры Дауылбаев А.Қ. мырзаның жеке блогына осы сот орындаушылардың дұрыс жұмыс жасамайтыны туралы хат жолдағанмын. Сот орындаушым Өмірзақова.Ұялы телефоным 87089694423 Бекенова Айнур Бауржановна
    Жауап күні:
    2015-09-14
    Жауап:
    А.Б.Бекеноваға Құлымбетов көшесі, 173/4 Ақтөбе қаласы 030000 Сіздің Ақтөбе облысы прокурорының блогына жазған шағымыныз және үстіміздегі жылдың 28 тамызындағы шағымыныз бойынша Ақтөбе қалалық прокуратурасымен атқарушылық өңдіріс құжаттарына тексеру жүргізу арқылы қаралды. Тексеру барысында анықталғаны, «Ақтөбе облысы сот актілерін орындау Департаменті» ММ-нің сот орындаушысы С.К.Дабылованың 10 шілде 2014 жылғы қаулысымен борышкер Ж.И.Смагуловтан Сіздің пайданызға ай сайын табысының және (немесе) өзге де кірісінің 1/4 бөлігі көлемінде алимент өндіру туралы атқару өндірісі қозғалған. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 99 бабының талабына сәйкес алимент төлемдерін жалақыдан немесе өзге де табыстардан үш ай бойы өндіріп алу мүмкін болмаған жағдайда сот орындаушысы осы Заңның 32 бабына сәйкес атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолданады және осы Заңның 61 бабына сәйкес өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлікті қоспағанда, борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолданады. Егер борышкер жұмыс icтeмeген немесе оның жалақысын және өзге де табысын растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, алимент бойынша берешек оны өндiрiп алу кезiнде Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы мөлшерi негізге алына отырып айқындалады. Аталған Заң талаптарына сәйкес мемлекеттік сот орындаушысы Г.К.Абикенованың 7 қырқүйек 2015 жылғы қаулысына сәйкес 1 шілде 2015 жылға дейін борышкер Ж.И.Смагуловтың алимент бойынша берешегі 139 775 теңге деп айқындалған. Тексеру барысында аталған арқарушылық өңдіріс бойынша Заң талаптарының бұзылуының және сот актісінің нақты орындалуын қамтамасыз ету мақсатында сот орындаушы О.Снасапинмен толық атқарушылық шаралар қолданылмау дерегі орын алған. Алайда, тексеру барысында сот орындаушы О.Снасапиннің «Ақтөбе облыстық әділет департаменті» ММ-мен еңбек келісім шартың бұзуына байланысты соңғыға қатысты прокурорлық ықпал ету актісі енгізілген жоқ. Сонымен қатар, тексеру барысында борышкер Ж.И.Смагуловқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабымен әкімшілік іс қозғалып, Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының 11 қыркүйек 2015 жылғы қаулысымен 3 тәулікке қамауға алынды. Жоғарыда көрсетілгендер негізінде және сот актісінің нақты орындалуын қамтамасыз ету мақсатында «Ақтөбе облыстық әділет Департаменті» ММ-нің бөлім басшысы атына заң бұзушылықты жою туралы ұйғарым енгізілді. Заңның 16 бабына сай енгізілген прокурорлық ықпал ету актісінің қаралу нәтижесін және атқарушылық құжаттың орындалу жағдайы туралы мәліметтерді «Ақтөбе облысы әділет Департаменті» ММ-нен алуға құқылысыз. Берілген жауаппен келіспеген жағдайда, жоғары тұрған прокурорға шағымдану құқығыңызды түсіндіремін. Ақтөбе қаласының прокуроры аға әділет кеңесшісі Ғ.И.Әміров орын: Г.Займулдин тел:221964
  • Сұрақ №: 17263
    Дата: 06.07.2015 13:52:57
    Аты-жөні: Елеуова Лиза
    Сұрақ:
    Ақтөбе облысының Прокуроры Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлына Ақтөбе қаласы, Ақжар 2- телім 47 тұрғыны Елеуова Лиза Алибековадан Шағым Құрметті Ақтөбе облысының Прокуроры,17 маусымда Ақтөбе Сити құрылыс алаңында 9-этажды үй құрылысында інім Елеуов Женисбек Алибекович өндіріс орнында бақытсыз жағдайға тап болып, қайтыс болды. Елеуов Женисбек ЖШС"Ақтөбе-сәулет" құрылыс мекемесінде 3,5 жыл пластик терезе қондырушы жұмысын атқарып келді. Ол 17 маусым күні терезе орнатып жатқан кезде, жоғарғы этаждан басына керпіш түсіп, басындағы касканы қақ айырып,бас сүйегі сынып, табанда қайтып кеткен. Бұл бақытсыз жағдай халыққа жария болған жоқ. Жеңісбектің артында 5 жасар баласы, үй қызметіндегі әйелі және соғыс ардагері-әкесі қалды. Бұл жағдайдан соң әкесі ауыр халде жатыр. Емханалар қараудан бас тартты.Оқиға орнына барған ағалары мен інілері құрылыс жүріп жатқан үйдің айналасының өте қолайсыздығын, яғни құрылыс қоқысынан адам аяғын алып жүре алмайтындығын, үйдің периметріне қорғаныс козырек орнатылмағандығын, жоғарғы этажда керпіш қаланып, төменгі этажда терезе орнатылып жатқандығын, сондай-ақ жоғарғы этаждағы керпіштер лесаның үстінде 3 сантиметрдей шығыңқы етіп жиналып тұрғандығын көріп ,айтып келді. Бұл туралы оқиға орнынан түсірілген бейнефильм де бар. Осы бақытсыз жағдайды тексеруіңізді және жазықты қызметкерлерге шара қолдануыңызды сұраймын.Сондай-ақ Жеңісбектің жанұясына компенсация өндіріп беруіңізді сұраймын. Арыз иесі: Л.А.Елеуова Шағымға қосымшалар тіркеледі:көшірмелер ; қайтыс болғандығын растайтын куәлік, мәйітханадан анықтама 16, Я, удостоверяю, что на основании ОСМОТР а-1, записей в медицинсқой документации-2, предшествующего наблюдения- 3, вскрытие-4,определена последовательность патологических процессоя (состояний), приведших к смерти, и установлена следующая причина смерти, 9, ПРИЧ~Нr смеffИ: /) Код МКБ-10 1) а) қp~ () о Ц. ? /1 ~ ~ ~ ,Ұ ~л...о/( 'г_. (JSолезнь илиJ:Өстояние. непосредственно прмведшөө-ёсмерти) - ГІІ IJ r> /\ б) -Jle~~~ ОС-~~Щ~ f'(QJ)J) ~~ ~ <D ~ І (патологические состояния, приведшие к өознвқноөению / n =>'rrепосредственной причины) 7 '" в) IJ М к f) \51 Y'--\tЛ. h \ le- ()х..і 1.--( u) ~\'Щ )Q lX э-, vP І (основная причина cм~ указывается последней) и г) r С__..- - АРугие заболевания или состояния матери (состояние . поcnеда), способствующие смерти ребенка (плода) 2) Прочие важные состояния ствовавшие смерти, но ~вязанные с болезнью или n тологическим состоянием, приведшим к ней (падение тяжолого предмета на голову)
    Жауап күні:
    2015-07-08
    Жауап:
    Ақтөбе қаласы Ақжар-2, 47 Л.А.Елеуоваға Ақтөбе облысы прокуратурасында Сіздің «Ақтөбе-сәулет» ЖШС-нің жұмыс істеген інісі Елеуов Женисбек Алибековичтің 17.06.2015 жылы өндірістік жарақат алу нәтижесінде қайтыс болғаны, тергеп-тексеру барысын қадағалауға алып, жазатайым оқиғаның орын алуына жол берген жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тартуды, материалдық және моральдық шығынды өндіріп беру туралы арызыңыз қаралды. Аталған жазатайым оқиғасы бойыншам «Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма» ММ-де арнайы тексеру жұмыстары жүргізілуде және нақты шешім қабылдану үстінде. «Ақтөбе-сәулет» ЖШС-нің жұмыс істеген Елеуов Женисбек Алибековичтің 17.06.2015 жылы өндірістік жарақат алу фактісі бойынша құзырына сәйкес тиісті шаралар алуды, жазатайым оқиғаның орын алуына жауапты тұлғалардың заңда көзделген жауапкершілігін шешу туралы «Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма» ММ-нің басшысына арнайы тапсырма берілді, тексеру барысы облыстық прокуратурамен бақылауға алынды және тексеру нәтижесі туралы Сізге аталған органмен ақпарат берілетін болады. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 1, 9 баптарының талабына сәйкес материалдық және моральдық шығындарды өндіру тірулы талап тек сот тәртібінде қаралуға жатады, сондықтан арыздың осы бөлігі бойынша қойып отырған талап сотқа талап арыз беру арқылы шешілетінін түсіндіремін. Осы жауаппен келіспеген жайғдайда жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылысыз. Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары аға әділет кеңесшісі Ж.Ә.Мұхамедияров орынд:Н.Ешенқұлов тел:901448
  • Сұрақ №: 16472
    Дата: 25.05.2015 13:06:15
    Аты-жөні: Багмет Александыр
    Сұрақ:
    Прокурору города Актобе Амирову Г. И. от Багмет Александра Григорьевича г.Актобе. Ас Наурыз дом 24 кв.112 Уважаемый Гани Иранович Обращаюсь к вам с вопросами и надеюсь, вы их решите. 1. У меня в квартире горячая вода идет чуть теплая. Ночью вообще остывает. Я обратился в АО «Трансэнерного» по поводу горячей воды. Специалист АО «Трансэнерного» измерил температуру воды она оказалась. В ванной - + 50С. На кухне - +45С. Я задал вопрос почему вы подаете температуры вод ниже градусов чем это предусмотрено санитарными нормами в Республики Казахстан. Санитарными нормами установлено, что вода у водоразборного крана должна иметь + 60С. Они ссылаются на договор, что так написано в договоре. Ведь договор должен подтверждаться санитарными нормами, а не просто цифра взята с потолка. Прошу Вас разобраться с законность написания ном в договоре и почему АО нарушает санитарные нормы горячего водоснабжения. Если вода ниже санитарных ном то бактерии, которые мы должны убивать горячей водой просто на проста, остаются и не гибнут. Авто перевозчики нарушают закон Республики Казахстан О языках РК. То есть вся наглядная документация сделана на одном языке государственном, а согласно закона. Вся документация информационного характера должна быть на двух языках как этого требует закон. Ответ мне прислали, из акимата что будут делать. Уже прошел год со дня моего обращения. Но по данному вопросу ничего не сделано. Спец строй ведет водопроводы по территории 11,12 микрорайона они разрушили тротуары их не восстановили. Они почему то свои колодцы не заглубляют а оставляют на поверхности земли . То есть получается они трубопровод прокладывают мельче чем это положено по нормам ведь слой промерзания грунта у нас 2м а колодцы у них 80см так они ешё и торчат из земли сантиметров 30. Вот на фото это видно . Такие колодцы есть и в 12 микрорайоне на против поликлиники. Если труба с водой уложена мельче она просто на проста зимой замерзнет. Прошу вас разобраться с этими вопросами и дать мне ответ в установленный законом срок. Багмет 20.05.2015г.
    Жауап күні:
    2015-06-08
    Жауап:
    Уважаемый пользователь Блога № 37568 Багмет Александыр Григорьевич При размещении вопроса на блог Вами не соблюдены условия Пользовательского соглашения. Обращаем Ваше внимание, что обращение, касающиеся уголовных, гражданских или административных дел, а также о проведении проверок, принятия мер прокурорского реагирования, разъяснении норм законодательства подаются в органы прокуратуры РК.- нарочно: - через почтовую связь: на электронный портал www.115.kz Для отправки обращения на электронный портал необходимо иметь ЭЦП, которую можно получить в ЦОН.

Беттер