Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 40094
    Дата: 15.02.2018 00:29:12
    Аты-жөні: Магзам Муратхан
    Сұрақ:
    Салеметсыздерма сыздерге койар сурагым Актобе каласында Куаныш Асылжанулынын жетекшылыгымен ашылган unnnity кампаниясы казыргы уакытта алаяктык жолмен каржылык пирамида курды деп аиып тагылып исы сотта каралуда. Менде сол алаяктык арбауга тусып 12.07.2017 жыл Каз-ком банк аркылы 350000тг (уш жуз елу мын)тг салган улескердын брымын.Ешкандай пайда таппадым акша салганнан кеин 1 айдан сон бул кампания жаблып ар турлы сылтаулар аитып сонында сот болып жатканын естыдык. 2017ж сонында колдагы далелдерымды пайдалана отырып unnnity кампаниясы жане Куаныш Асылжанулынын устынен арыз берып акшамды кайтаруын талап еттым.Сураиын дегеным осы сот барсын калай отып жатканын жане улескерлердын салган акшаларымыз каитарылама сонын аныгын блеин дегем. Актобе прокуратурасы осы маселеге адил шешим шгарып Республика бойынша мен сиакты мындаган зардап шегушылердын умытын актап акшаларымызды каитарып береды деп сенемыз иншалла.
    Жауап күні:
    2 наурыз, 2018 - 17:34
    Жауап:
    Магзам Муратхан Құрметті Магзам Муратхан! Сұрағыңызды блогқа орналастыру кезінде Сізбен Пайдаланушының келісім шарттары сақталынбаған. Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ тексеру жүргізу, прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану, заң нормаларын түсіндіру туралы өтініштер Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына келесі тәртіппен жолданады: - арнайы әкеліп тапсыру; - пошта арқылы жолдау; - www.115.kz электронды порталына жіберу. www.115.kz электронды порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет. Ақтөбе қаласының прокуроры Р. Салкенов Орын.: Қабдышева Ж.Е. Тел.: 8 (7132) 21-29-10
  • Сұрақ №: 39369
    Дата: 24.01.2018 16:36:22
    Аты-жөні: Куттыбаев Куандык
    Сұрақ:
    Куттыбаев Акимжан Джилкибаевич 18 лет не платил Алименты что делать?
    Жауап күні:
    25 қаңтар, 2018 - 18:45
    Жауап:
    Уважаемый пользователь блога! При размещении вопроса на блог Вами не соблюдены условия Пользовательского соглашения. Обращаем Ваше внимание, что обращения, касающиеся уголовных, гражданских или административных дел, а также о проведении проверок, принятии мер прокурорского реагирования, разъяснении норм законодательства подаются в органы прокуратуры Республики Казахстан: - нарочно; - через почтовую связь; - на электронный портал www.115.kz Для отправки обращения на электронный портал www.115.kz необходимо иметь электронную цифровую подпись (ЭЦП), которую можно получить в Центре обслуживания населения (ЦОН). Прокуратура города Актобе
  • Сұрақ №: 39324
    Дата: 23.01.2018 12:20:02
    Аты-жөні: Қалуов Нұрбақыт
    Сұрақ:
    Саламатсыздарма. Мені тыныш жатқан жерімнен жұмысқа Кс 12 Соленыйға бастық боласын ба деп ұсыныс жасаған болатын. Мен келістім. Бірақ келесі күні жоғары жақтан қате кетуіне байланысты деп мені Шетырғызға ГРС операторлыққа қаблдандың сол бойынша документ жинап тез алып кел деп айтқан болатын. Мен документтерді толықтырып Соленый кс12 ге апардым. Барлығы дұрыс ертеннен бастап жұмысты бастап кетесін дегесін қуандым. Енді кешке жұмыс уақыты біткеннен кейін маған емес сол жақтан туысқанға жқиыстан өтпей қалғанын жеткізіпті. Жай ғана алмай қойса ештенем кетпес еді бирақ шабылып қалаға жіберіп медосмотр өткізіп шаршатып және де құрастырып жинаған 50 мың теңгемді босқа құртып келгенім бе. Неліктен алмай қалғанын түсіндірмей отыр. Соны және әділдікті Сіздерден сұраймын. Және мен жоғары оқу орнын бітіргенмін. Неге отпей қалғанымды түсінбедім өздері шақыртып. Көмек берсеңіздер.
    Жауап күні:
    1 ақпан, 2018 - 18:52
    Жауап:
    Ақтөбе облысы бойынша еңбек инспекциясы басқармасының басшысы М.Т. Раймкуловқа Н.М. Қалуовқа Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бегімбет ауылының тұрғыны Мәні бойынша қарау үшін Н.М. Қалуовтың (2017 жылдың 23 қаңтарындағы ) арызы жолданады. Арызды қараудың нәтижесін арызданушыға заңмен көрсетілген мерзім ішінде хабарлауыңыз сұралады. Екінші мекен-жайға мәлімет үшін хабарланады. Ақтөбе қаласы прокурорының м.а А.Е. Умбиталин ? Қ.Қазмұханбетов ( 213353
  • Сұрақ №: 34712
    Дата: 26.07.2017 00:43:02
    Аты-жөні: Кобанова Жайнагул
    Сұрақ:
    Құрметті прокурор мырза! Мен Кобанова Жайнагул Куикбаевна Ырғыз аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде жетекші маман болып жұмыс жасаймын. 2017 жылдың 10 сәуірінен бастап бала күтімінен жұмысқа қосылдым. Қазіргі уақытта белгілі себептерге байланысты басыма орамал тағып жүрмін. Алайда менің киім кию бағытым Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне және мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімі туралы негізгі ұсынымдарына қайшы келмейді керісінше бұнда айтылған ұсынымдарға сәйкес келеді. Бірақ аталған мекеме басшысы менің конституциялық құқығымды шектеп Қазақстан Республикасының Конституциясының II бөлімінің 14-бап 2-тармағында көрсетілген заңдылықты сақтамай заң бұзып отыр. Бұнымен қоймай неге орамалыңды шешпейсің деп түсініктеме жаз деп талап қойып тағы да аталған бөлімнің 19 бабы 1-тармағына қайшы келетін әрекеттер танытуда. Құрметті прокурор мырза сізден сұрайын дегенім осы жағдайды қалай шешуге болады. Мен өзім 4 баланың анасымын. Күйімде мемлекеттік қызметші болып қызмет атқарып келеді. Бұндай жағдайда қай мемлекеттік органға барып өз құқығымды қорғай аламын. Алдын ала рахмет.
    Жауап күні:
    27 шілде, 2017 - 18:38
    Жауап:
    Ж.К. Кобановаға ________________________ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогы Құрметті Жайнагүл Куикбаевна! Мемлекеттік қызметке қатысты мәселелерді реттеу мемлекеттік қызмет істері органдарымен жүзеге асырылады. Осыған байланысты Сізбен көтерілудегі мәселелер қарау үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментіне жолданды. Оның нәтижелері жөнінде көрсетілген органмен Сізге заңда көрсетілген мерзімде жауап берілетін болады. Прокуратура Актюбинской области
  • Сұрақ №: 34336
    Дата: 10.07.2017 13:15:59
    Аты-жөні: Баймурзин Думан
    Сұрақ:
    Құрметті прокурор! 16.06.2017 ж.берілген арыз-шағымға жауап берілген. 28.06.2017 ж. берілген жауап дұрыс көрінбейді. Д.Баймурзинге жауап деп жазылған, басқа ештене жоқ.
    Жауап күні:
    11 шілде, 2017 - 15:46
    Жауап:
    Д.А.Баймурзинге Дүйсенғалиев көшесі, 14/1 Атырау қаласы,060000 Құрметті Думан Амиргалиевич! Борышкер А.Саркуловадан берешек өндіру (345 700 теңге) туралы сот шешімінің ұзақ уақыт бойы орындалмауы жөніндегі өтінішіңіз облыс прокуратурасымен атқару өндірісін зерделеу арқылы қаралды. Жеке сот орындаушы Г.Көшербаева 11 қыркүйек 2015 жылы аталған сот актісі негізінде атқару өндірісі қозғалған. Берешекті өтеу мақсатында борышкердің барлығы 174 950 теңге (19.11.2015ж.-70 000 теңге, 13.07.2016ж.-10 000 теңге, 16.07.2016ж.-10 000 теңге, 14.11.2016ж.-10 000 теңге, 03.08.2016ж.-9 000 теңге, 22.12.2016ж.-14 000 теңге, 31.12.2016ж.-20 000 теңге, 14.01.2017ж.-1 950 теңге, 16.01.2017ж.-20 000 теңге, 18.02.2017ж.-10 000 теңгеге түбіртектер) төлегендігі анықталды. Атқару өндірісі құжаттарында Сіз тағы 172 850 теңгені алғандығыңыз туралы қолхат (25.08.2016ж.) тіркелген. Арызды қарау барысында телефон арқылы Сіз қолхат бойынша тек 15 000 теңге алғандығыңызды хабарладыңыз. Көрсетілген жағдайда Сізге аталған қолхаттың жарамдылығын даулау қажет. Ол үшін қажет болса сотқа жүгіну керек. Берілген жауаппен келіспесеңіз, жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдану құқығыңызды түсіндіремін. Облыс прокуроры Н. Әбдіров орынд:А.Ө.Ахметова тел:901454

Беттер