Қоғамды құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдыру мәселесі бойынша

19 September 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Құқықтық тәртіптің алдын алу тек қана жергілікті атқару және құқық қорғау органдарының емес, сонымен қатар жалпы қоғамның негізгі міндетінің бірі болып табылады.

        Азаматтардың қатысуынсыз құқық қорғау органдарының қылмыспен қарсы күресуінде оңды нәтижеге жету мүмкін емес.

        Қоғамдық көмекшілердің көмегі полициямен бұрын да қолданылған, бірақ ойдағыдай тиімді болған жоқ.

        2018 жылы біздің облыста қоғамдық көмекшілердің қатысуымен барлығы 0,2% қылмыстық іс ашылған және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жалпы санының 0,4% анықталды.

        Әрине бұл өте аз! Дегенмен мүмкіндік бұл жерде көп.

        Күн сайын орта есеппен қоғамдық орындарда және көшеде 15 (жартыжылдықта 2792) қылмыс жасалады, оның ішінде күндізгі уақытта 8 (1522), кешке 18.00-ден 22.00-ге дейін 3 (618) қылмыс.

        Қоғамдық құрылымдар күштерін көшелер мен қоғамдық орындарда патрульдеуін қамтамасыз ете отырып, осындай қылмыстардың 30%-ға азаюын болжамдаймыз.

        Бизнес-құрылымдарды осы жұмыстарға қатыстыру оңды нәтиже бере бастады, ломбардтармен меморандумға отыру ұрланған заттарды ломбардтарға тапсыру кезінде бірқатар ұрлықтың ашылуына мүмкіндік берді.

        Осы жұмыстардың маңыздылығы мен қажеттілігіне байланысты аталған сұрақтар облыс әкімінің төрағалығымен ғалымдарды қатыстыра отырып өткізілген конференцияда талқыланды, құқық бұзушылықтың алдын алуға қоғамды жұмылдыру туралы іс-шаралар жоспары бекітілді.

        Жоспарда мемлекеттік органдардың қоғаммен өзара әрекет ету нысандары, халық жасақтарын, волонтерлік қозғалыстың жастар желісін дамыту, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің біріккен жұмысына қоғамдық бірлестіктерді, үкіметтік емес ұйымдарды, ЖОО-ын, еңбек ұжымдарын қатыстыру көрсетілген.

        Егер мұндай жұмыс бұрын тек қана құқық қорғау органдарымен жүргізілсе, қазір тиімділікті арттыру үшін қоғамды қатыстыратын боламыз.

        Белсенді қатысушыларға әртүрлі марапаттау түрлері көрсетілген.

        Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде жүргізіліп жатырған іс-шаралар туралы халықты хабарлай отырып, барлық азаматтарды, үкіметтік емес ұйымдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын, кәсіпкерлерді белсенді қатысуға шақырамыз.

        Одан әрі танымал ету мақсатында іс-шаралардың орындалу барысы мен олардың нәтижелері туралы тұрақты түрде қоғамды хабарлайтын боламыз.

 

Ақтөбе облысының прокуратурасы

 

Comments

Add new comment