Прокурорлар Конституция Күнін атап өтуде

29 August 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Ақтөбе облысының прокуратурасында Қазақстан  Конституциясы Күнін атап өту құрметіне арналған  салтанатты отырыс  өткізілді.

Қазақстан Конституциясы — бұл символ және мемлекет пен қоғамның өз функциясын атқаруы үшін қажетті базалық шарттарын айқындайтын негізгі нормалары мен институттары бекітілген еліміздің басты саяси-құқықтық  құжаты.     

Облыс прокуроры Марат Қайбжанов әріптестерін мерекемен құттықтап, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Конституцияның тарихи маңызын, еліміздегі маңызды әлеуметтік – экономикалық реформалардың нәтижелерін, конституциялық заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі прокуратураның қызметін айрықша  атап өтті. 

Прокуратура ардагерлері мерекелік іс-шараның құрметті қонақтары қатарында  болды. 

Салтанатты жиынға қатысушылар алдында облыс прокурорының   бірінші орынбасары  Қуандық  Рахметов  «Конституция - ел дамуының негізі» тақырыбында баяндама жасады.

 Сондай-ақ жаңадан тағайындалған прокурорлар салтанатты жағдайда  ант қабылдап, алғашқы сыныптық шендеріне ие болды.   

Облыс прокуроры барша мерекелік жиынға қатысушыларға еліміздегі  заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жауапты міндеттерін орындауда алдағы уақытта да табысты болуына тілек білдірді.  

Ардагерлер жас ұрпаққа өздерінің ақ тілектерін айтып, баталарын берді.

 

Ақтөбе облысының прокуратурасы

 

Comments

Add new comment