Ақтөбе облысы прокуратурасында жаңа тағайындау

08 May 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан |Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен әділет кеңесшісі Даулембаев Жасұлан Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры  қызметіне тағайындалды.

Даулембаев Ж.О. 1978 жылы туған, 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң  Академиясын бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы Ақтөбе қ. прокуратурасының бөлім прокуроры қызметінен   бастаған.  Одан кейінгі жылдар ішінде Ақтөбе қ. прокуратурасында, облыс прокуратурасының аппаратында, Батыс аймақтық көлік, сондай ақ Қостанай облысы прокуратурасында әртүрлі лауазымдарда  қызмет  атқарды.

Басшылық қызметтерде тәжірибелі. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының, Ақтөбе облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры қызметтерін атқарды.

         2014 жылғы шілдеден бастап - Ақтөбе облысы прокуратурасы Аппаратының басшысы.

Прокуратура органдарындағы  қызмет өтілі 18 жылдан астам.

 

 

Ақтөбе облысының прокуратурасы

 

Comments

Add new comment